Әли Оқапов әлемдік биллборд чартына ілінбек түгілі, өзін сұраныстағы әншілердің қатарына қоспайды. «Мен тек сапаға жұмыс істеймін», - деген ол, енді кино саласына бет бұрмақ па? Бұл сұраққа Әлидің өзі жауап береді.
Карантинге қарамастан Әли Оқапов шығармашылығын шыңдаумен айналысқан әртістердің бірі. Ән жаздырды, клип таспалады, сұқбаттары тағы бар. «Осы кезең мені жан жақты әмбебап болуға үйретті», - дейді өзі.
Әли Оқапов, әнші:
– Осы карантин айында мен тіпті шыныменде үлкен тәжірибе алып алдым деп айтуға болады. Өйткені қатарынан 4 концерт бердік, ұйымдастырдық, қатыстық. Роза Рымбаеваның 2 концертін, Батырхан Шүкеновтың екі концертін жәнеде келес жоба бұйыртса Болат Сыздықов ағамыздың еске алу кеші болады. Маусым айының соңына қарай.
«Елдегі жағдай жұрттың назарын өнер мен музыкадан бұрып әкеткендей» дейді Әли. Қала берді әнші, осының салдарынан көптеген әртістің жұмысы тоқтап қалғанын айтады.
Әли Оқапов, әнші:
– Шығармашық немесе музыка... Жалпы біздің контентіміз өкінішке орай қазір ондай қатты қызық емес. Сөздің шынын айтайық. Өйткені халық өздеріңіз білесіздер музыкадан да басқа көптеген мазалайтын сұрақтар бар. Жұмыс жайлы, қаражат жайлы, болашақ жайлы...
«Көрермен карантинде ютубтан шаршады ма екен, соңғы «Бұзық» әтті бейнебаяным қаралымға қарық қылмады», - деп қынжылды Әли. Бірақ «мен санға еме, сапа мен контентке жұмыс істеймін», - дейді ол.
Әли Оқапов, әнші:
– Мен оған қатты шынымды айтайын мән бермеймін. Мән бере бермеймін де, өйткені мен ешқашанда осы бейнебаяндар жайлы немесе басқада туындылар жайлы сол рекордсменнің қатарында болған емеспін. Бізде рекордсмендер басқа әншілер.
Әли үлкен сахнадан бөлек, кино әлемін де көксейтін болып шықты. Бұған дейін 2 толықметрлі фильм мен бір телехикаяға түскен ол, әлі де талай кастингтерге баратынын айтады. Бірақ әзірге өтпей қалып жатырқан көрінеді.
Әли Оқапов, әнші:
– Киноға түсу ойым бар жәнеде түскім де келеді. Бірнеше жобалардың кастингтеріне бардым, жасыратын ештеңесі жоқ. Бірақ өте алмадым. Ұнамай қалды ма менің ойнағаным немесе сол кейіпкерге сай келмедім ба білмедім, бірақ жалпы нәтиже осы.