Инстаграм арқылы ақшаны күреп табатын Нұрлан Батыров тиынсыз қалатын кездерін айтып, таңқалдырды! Белгілі блогер, бар жиғанын жақынына сыйлық жасауға жұмсайды екен. Нұрланнан өзге, шоу-бизнес өкілдері ата-анасын қуанту үшін қандай жанкештілікке әзір?
Нұрлан Батыров бүгінде дәулетті блогерлер қатарында. «Безумная женщина» вайндары арқылы танылған ол, инстаграмда жарнама жасап-ақ, күн көріп жүргенін жасырмайды. Десе де, Нұрланның ақшасыз қиналып қалған кездері болады екен. Мәселен, Батыров анасына сыйлық жасаймын деп, кезінде қаржыдан қысылған екен.
Нұрлан Батыров, блогер:
- Қандай сыйлық екенін айта алмаймын, ол құпия. Мен оны өзімнің жинаған ақшама алдым. Оған қоса алғашқы ең көп қаламақымды да жұмсадым. Себебі өз басым сыйлық жасағанды ұнатамын.
Нұрланның әріптесі – Сабиркин де ет жақыны десе, барын салатындар қатарында. Инстаграмда бір миллионнан аса оқырманы бар сылқым әкесіне су жаңа көлік алып берген. Блогер бұл бағалы сыйлық үшін біраз уақыт ақша жинаған көрінеді.
Sabirkin, блогер:
- Жолдасым екеуміз әкемізге көлік сатып алып берген болатынбыз. Көлік сыйлағанбыз. Сол ең қымбат берген сыйлығымыз. Біз енді жинадық біраз жинадық, сөйтіп бұрыннан арманымыз болған әкемізге бір жақсы көлік сыйлау сол арманымызды орындадық.
Ал Анар Батырхан анасына бағалы бұйымдар сыйлап, таңқалдырған. Алайда актриса «ет жақындарымды бір ғана сыйлықпен қуантуға құлықсызбын», - дейді. Сондықтан Анар ата-анасына әрдайым көмектесіп тұрады екен.
Анар Батырхан, актриса:
- Ол бір алтын комплект. Енді Аллаға шүкір, мен ән шырқаймын, той жүргіземін, инстаграмым бар деген сияқты. Өзімнің көрермендерім бар, өзімнің тыңдармандарым бар, тойға шақыртатын деген сияқты. Сол сол жақтан өзімнің әке-шешеме көмектесемін. Ең басты енді менің үлкен бір сыйлығым, парызым ол менің әке-шешеме көмектесу өзімнің.
Еске салсақ, таяуда Қайрат Нұртас анасына зәулім үй сыйласа, Жәния Джуринская пәтер алып берді. Ал, Назима мен Бүркіт әкелеріне қымбат көлік тарту еткен болатын.