Жұлдыз Абдукаримова енді жазушы! Қайрат Нұртастың сүйікті жары бала тәрбиесі жайлы кітабын шығармақ. Туындысының әлқиссасын бастауға біраз жыл жүрексініп келген ол, басылымның атауын өзге емес, өз оқырманымен ақылдасуды жөн көрген. Сондай-ақ, актриса парақшасында шығарманы өзі шимайлағанын, ал тігісін жатқызып, тілін реттеуді редакторға қалдырғанын жазған.
Баян Алагөзова қандай кинокартина үшін шашын қиып, иммиджын өзгерткенін айтты. Мақсатқызы өзіне тағы да ешкімге бас имейтін, темір әйелдің рөлі бұйырғанын айтқан. Ал продюсердің фильмдегі жұбайының рөлін актер Жан Байжанбаев сомдайды екен. Картинаны режиссер Дархан Сәркенов таспаламақ.
Ал Мисс Қазақстан 2019 байқауының жеңімпазы Мадина Батық қалыңдық атанбақ. Арудың сүйіктісі Хаким оның туған күніне арнайы Павлодар қаласына барып, үйленуге ұсыныс жасады. Өз парақшасында ағынан ақтарылған сылқым, ғашығынан мұндай тосынсый күтпегенін айтады.