Таяуда ғана екінші рет тұрмысқа шыққан Мөлдір Әуелбекова инстаграм парақшасындағы суреттерін өшіріп, бұдан-былай тек жаулықпен жүретінін жазған еді. Көпшілік әншінің бұл қадамға баруына жолдасы итермеледі деп топшылауда. Жалпы, шоу-бизнесте образын ауыстырып, орамал таққан арулар кімдер?
Дәл осы фотоны жүктеген Мөлдір Әуелбекова екінші жартысын жолықтырып, енді орамалды екенін оқырманына жеткізді. Ал фолловерлері, имиджінің өзгеруіне жолдасы сеп болды деп топшылады.
Иә, бұл сұрақ Әуелбекованың тыңдарманын қатты мазалап жүрген сынды. Ал әзірге әншінің орамалмен сахнаға шығу-шықпауы белгісіз.
Мөлдір Әуелбекова, әнші:
- Егер де енді солай тағдырыма бұйырып тұрса, неге шықпасқа? Мен әлі жаспын!
Тұрмысқа шығып, орамал таққандардың тағы бірі – Айнұр Тұрсынбаева. Бүгінде ол ақындықтан алыстап, психологияға бет бұрған.
Шоу-бизнестегі орамалды коучтар қатарында Индира Расылхан да бар. Әнші жолдасымен ажырасып, қайта қосылған соң түбегейлі жабық киінуге шешім қабылдаған.
Ал Алтынай Жорабаева тіпті орамал тағып бейнебаян түсіріп үлгерген еді. «Енді тек дін тақырыбында әндер айтамын» деген өнер иесінің бұл идеясын көпшілік құптамады ма, әйтеуір образы да, музыкалық бағыты да өзгеріссіз қалды.
Ал орамал тағып, шоу-бизнеспен біржолата қоштасқан тек – Эля Құспанова. «Амуаж» тобының экс-солисі жұлдызды өмірден бас тартып, отбасылық бақытын бірінші орынға қойды. Бүгінде Эля жеке кәсіппен айналысады. Оның мұсылман әйелдерге арналған киім дүкені бар.