Карантин талаптары жеңілдете сала, Мәдина Сәдуақасова кезекті бейнебаянның түсіріліміне кірісті. Енді ол жас әнші 2rar- мен дуэт орындап, жаңашылдық ұсынбақ ниетте! «Сары қыз», «Беріп қояды» тректерімен танылған Тұрар Сәдуақасованы несімен қызықтырды?
Кезінде Мәдина Сәдуақасованың бағын жаққан «Махаббат жалыны» әні енді жаңа нұсқада ұсынылмақ. Өнер иесі жас орындаушы 2rar-мен бірлесіп, 16 жыл бұрынғы трегіне бейнебаян таспалауда.
Алайда Сәдуақасова шығармашылық тандемнің бейнебаянға дейін жететінін үш ұйықтаса түсіне кірмегенін айтады. Оған себеп – жас әншінің потенциалына күмәнмен қарауы.
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
- Мадина ән дайын тыңдап көрсеңіз болады дегенде мен тыңдаған жоқ едім. Шынымды айтайын жасырмай-ақ қояйын, қатты қызығушылықта болған жоқпын. Бейнебаян түсіреміз деп те ойлаған жоқпын.
Осылайша ән ұмыт қалған. Карантинде қолы босап, әнінің жаңа нұсқасын тыңдаған Сәдуақасова: «таңданысымды жасыра алмадым»,- дейді. Тіпті өтінішті елеусіз қалдырғанына өкінген.
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
- Сөздері мүлдем өзгертілген, подача басқаша, Тұрар кәдімгідей мықты екен. Оқығаны да жаңағыдай рэп. Барлығы тамаша, уау это новое дыхание деп, мықты дүние болғандықтан жалпы материалы жақсы болғандықтан, тек қана профессионалдар жұмыс істесін дедік.
Тұрар Мадинамен бірге ән жазғанына әлі де сене алмай жүрген көрінеді. Өйткені Сәдуақасовамен дуэт құру оның бала күнгі арманы екен.
2RAR, әнші:
- Менің поколениям үшін Мадина ханым деген , білмеймін біздің кездің секс-символы ғой если можно так сказать . сондықтан ол бала кездегі арманым мен үшін.
Арманына жету үшін Тұрар тіпті кумирінің барлық ұсынысын орындауға дайын болыпты. Ал, Сәдуақасованың талаптары таудай.
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
-Ешқандай гонорарымды сұрамаймын. Бірақ менің толықтай талаптарым кәсіби мамандар. Стилист визажист міндетті түрде менің айтқандарым.
Әншінің бұл сөзін Тұрар да растады.
2RAR, әнші:
- Біз Мәдина ханымға жеке дуэт үшін менің білуім бойынша ешқандай қаражат берген жоқпыз. Бірақ біздің продакшн жасап жатыр. Қаншаға түскенін менің продюсерімнен сұрамасаңыздар. Мен ондай нәрсені айта алмаймын, білмеймін да даже.
Олай болса, кезінде хит болған «Махаббат жалынының» жаңа нұсқасын күтеміз!