Отандық жұлдыздар да Наоми Кэмпбелл сынды мінсіз мүсінді болуды қалайды. Алайда, өнер өкілдері карантин кесірінен салмақ қосып, артық келіден арыла алмай жатқанын айтады. Тіпті, «Rin’Go» тобының әншісі Әділжан Омаров бұл күндері қатаң диета ұстауға көшкен.
«Ринголық» Әділжан Умаров бұдан-былай тек дұрыс тамақтанбақ. Карантин бойы үйде жатып, артық салмақ қосып алған ол: «өнер иесіне сахнада мінсіз көріну маңызды», - деп отыр.
Әділжан Умаров, «Rin’Go» тобының әншісі:
- Қазір мен шынымды айтам 6 кг артық салмақ қостым. Бірақ мен оған енді қатты мән бермеймін. Негізі мен білемін ол 6 кг өзімді жақсы ұстасам, бір 2 аптаның ішінде кетіп қалады.
Әп-сәтте баяғы қалпыма келемін деп, Әділжанның сенімді сөйлеуі бекер емес. Омаров бұған дейін талай рет салмақ қосып, талай рет артық келісінен арылған көрінеді.
Әділжан Омаров, «Rin’Go» тобының әншісі:
- Мен бір қалыпқа тез келемін, менің органимзімім метаболизмге тез үйреніп қалған. Мен бірнеше рет осындай здоровое питания дейді, диета деген нәрселерге мен үйреніп қалған.
Әсел Асқар болса, өзі ғана емес күйеуін де диетаға отырғызған. Актриса мінсіз мүсінін сақтап қалу үшін зиянды тағамдардардан түбегейлі бас тартуға тура келді дейді.
Әсел Асқар, актриса:
- Қазір жолдасым екеуміз дұрыс тамақтанып жүрміз. Алкогольді, газдалған сусындардан, наннан және еттен өзімізге шектеу қойдық. Бәрін мөлшермен тұтынамыз. Бәрі әдемі болудың қамы ғой.
Ал Гүлзира Айдарбекова тәбетің тартқан тағам болса, өзіңе шектеу қоюдың қажеті жоқ деген ұстанымда. Қайрат Нұртастың анасы витаминдер ішіп-ақ арықтап жүрген көрінеді.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
- Мен еш уақытта диета ұстаған емеспін. Бірақ кейінгі кезде бір шөп дәрі ішіп жүрмін. Қарап отырсам 20 күнде 5 килограмм тастаппын. Негізі бүйтіп өзіме «Жемеймін тамақ. Семіріп кетемін», - деп шектеу еш уақытта қойған емеспін. Өйткені «парода» дейді ғой мысалы. Біздің үйде қатты толық адам жоқ. Өзімнің отбасымда.
Айдарбекова ханымның айтуынша, сүйікті тағамыңнан бас тартпай-ақ, артық салмақтан арылудың әдістері жетерлік. Көпшілік алдында жүрген продюсер бастысы «өз-өзіңе деген сенімділік» дейді.