Карантинның өзі де әншілердің шығармашылығына тұсау болмақ емес! Музыкалық «iТunes KZ» чартында тыңдалымы жағынан топ жарқан үздік орындаушылар анықталды. Бұл көшті «Ты беспощадна» трегімен
JONY бастайды.
Еске салсақ, JONY ТМД елдерінің жастары арасында кеңінен танымал. Былтыр тырнақалды туындысын ұсынып, бірден хитмен атанған әншінің әр трегі бүгінде трендттен түспейді. Мәселен, әзербайжандық өнерпаздың дәл осы «Ты беспощадна» композициясы жарық көре сала, тыңдалымы жағынан рекорд орнатып отыр.
«iТunes KZ»-тің екінші сатысына отандық рэпер Hiro жайғасты. Хип-хоп орындаушының таяуда ғана ұсынған «Особа крутая» әні көпке ұнап жатса керек. Негізінен HiRoSima-ның бұл трегі 5 жыл бұрын жарық көруі тиіс еді. Алайда рэпердің шығармашылығындағы үзіліске байланысты туындының тұсауы күні кеше кесілді.
ТОП үштікті Ханза мен OWEEK-тің «Вечеринка» трегі түйіндейді. Қос өнерпаздың бұл дуэті сондай-ақ әлемдік «Shazam» платформасында да көш бастап тұр. Ал, Ханзаның өзі тыңдарманға «Королевы Танцпола» және «Ты мой кайф» туындыларымен танымал.