Ирина Шейк қызы Леямен Нью-Йорк көшелерінің бірінде серуендеп жүрген жерінен папарацци назарына ілікті. Модель сақтық шараларын естен шығармапты. Өзі матадан сәндеп тігілген қара түсті бетперде тақса, үш жасар қызына бір реттік масканы кигізген. Бөбегінен әлі қыстық күртешесін шешпеген сәнбике, қаланың салқын ауа-райына қарамастан жұқа әрі жеңіл киініп алыпты. Шейктің бұл образы үйде отырудан жалығып, далаға асығыс шығып кеткендей әсер қалдырады.
Кайли Дженнер интернет қолданушыларының хейтына ұшырап жатыр! Ол бикинимен бассейнде түскен суретін жариялағаны сол-ақ екен, комментарийдағы инста шайқас басталды да кетті. Бар гәп Кайлидың фотошопты шектен тыс қолдануында. Бұны байқап қойған оқырмандары реніштерін білдіріп, Кимнің сіңлісіне ауыр сөздер жазуда. Дженнер бұған дейін де осындай құйтырқы әрекетімен фолловерлерінің ашуын туғызған екен.
Коронавирус кесірінен «Оскар» премиясының заңдары өзгеруде! Америкалық киноакадемияның шешімі бойынша, 2021 жылғы марапатқа тек онлайн көрсетілген фильмдер ғана қатыса алады. Әлі сиясы кеппеген ереже тек бір рет қолдануға жарамды. Бірақ бұл бастамаға қарсы шығып жатқан продюсерлік орталықтар да жоқ емес. Олардың пікірінше көрермен картинаны кинотеатрда тамашаласа ғана, оның бар кереметін ұғына алады екен. Әзірге олардың бұл базынасын еститін құлақ болмай тұр. Өйткені заң күні кеше күшіне енді.