Мәдина Сәдуақасова карантин кесірінен күйзеліске ұшырады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бір айдан асқан карантинның кері әсері жұлдыздарға ауыр тиіп жатыр! Мәселен, төрт қабырғаға қамалған Мәдина Сәдуақасова депрессияға тап болғанын мәлемдеді. Күнделікті күйбең тіршілік өнер иесін қатты күйзелткен көрінеді.

Карантинде әріптестері түрлі челлендждермен көңілдерін көтерсе, Мадина Сәдуақасова керісінше күйзеліске түскен. «Сары уайымға салынған мені асүйдің тіршілігі одан сайын шошытты»,- дейді әншінің өзі.

Мадина Сәдуақасова, әнші:

- Мен шынымды айтайын түңіліп, кәдімгідей депрессия болдым бір ай. Оның үстіне үйдің тірлігі. Осы кішкене бір апта болды ма өз-өзіме келдім, мынаның барлығы реттеледі екен, адамның барлығы волнасын ұстап алады екен үйдегі хозяйка, волнасын ұстап алсаң, бітті таңертең тұрасың да таңғы асыңды дайындайсың, одан кейін «шық» деп затыңды үтіктеп бересің жолдасыңа, одан шығарып саласың. Адам деген үйренеді. Мен де сол ритмге үйрендім.

Мәдина ханымды әнші емес, ең әуелі әйел, ана екенін есіне салған карантин, өнер иесінің аспаздық қырын ашқан. Алайда, асүйдегі жетістіктерімен бөлісуге асыққан өнер иесі, керісінше қатаң сынның астында қалған. Көптің талқысын тудырған - мына қамыр.

Мадина Сәдуақасова, әнші:

- Бір хит болды енді менің қамыр жайғаным. Енді мен шынайы, мен қуандым басында. Мен ойладым мені отырып алып бәрі мақтайтын шығар, молодец Мадина деп. Жоқ ол негізі бірінші емес болатын, бірінші әдемі шыққан деп жазуым керек едім. Мен ойладым әдемі шықты деп. Міндетті түрде домалақ болу керектігін мен оны сосын ғана қыздардан естідім.

Бірақ әнші, хейтерлердің пікіріне еш ренжімейді. Керісінше, бар уақытын асүйде өткізіп жүрген өнер иесі одан сайын шабыттана түскендей.

Мадина Сәдуақасова, әнші:

-Қазір тым аса пысық боп кеткен сияқтымын, әйел адам болғандықтан міндетті түрде сен оны жасай білуің керексің. Қазір өте жақсы, дұрысталды. Домалаққа келе жатыр жайлап. Және де көптеген басқа да тағамдарды жасап жатырмын. Үй жинаймын. Міне, қолдарымды қарасаңызшы, менің баяғы қолым жоқ.

Десе де, күйбең тіршілік қамына кіріскен Мадина көп ұзамай шығармашылығын да қолға алмақ ниетте. Олай болса, карантиннен соң асүйден шабыт алған Сәдуақасовадан тың туынды күтіңіздер.