Әлем коронавирустан кейін! Әр саланың өкілдері пандемия біткенсоң, өміріміз қаншалықты өзгеретінін жарыса жазып жатыр. Мәселен, Билл Гейтс карантин бітсе де, адамдар 2 жылға жуық қалыпты күн тәртібіне ора алмайды деп болжам жасады.
Одан бөлек, мамандардың пайымынша коронавирус фэшн саласында да едәуір өзгеріс алып келмек. Пандемиядан соң, түрлі трендттер мен брендтерге деген сұраныс едәуір төмендемек. Енді сылқымдар сән қуа бермей, керісінше үлгілердің бағасы мен дизайнына, оның ыңғайлы болуына көбірек көңіл бөлмек.
Ең қызығы, карантин кезінде үйде жұмыс істеудің рахатын сезінген жұрт, бұрынғы офисымен қайта қауышуға асықпайды екен. Енді қашықтан қызмет ету бұрнғыға қарағанда көбейе түспек. Сондықтан да, болашақта да онлайн кештер мен тікелей эфир арқылы түрлі көрсетілімдер легі жалғасса, еш таңқалмаңыз.
Пандемия кезінде уақыттың көптігінен адамдардың оқуға деген ынтасы ашылғаны аян. Мамандардың пайымынша, кейін де білім беру қосымшаларына сұраныс арта түспек. Сондай-ақ, карантин кезінде FaceTime-мен жүздесіп, Zoom арқылы үйленгендер арасында технология көмегімен махаббат құру ары қарай да жалғаса бермек.