Баласының туған күні үшін миллиондап қаржы жұмсауға әзір отандық жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Оксана Самойлованың қызы Майя үшін ұйымдастырған туған күн әлі де ел аузында. Сәнбике күллі Дисней ханшайымдарын шақырып, кенжесінің кешін ертегідей атап өтті. Еркелері үшін миллиондап қаржы жұмсауға әзір отандық жұлдыздар кім?

Оксана Самойлова кенже қызын туған күнінде барынша таңқалдыруға тырысқан. Ол үшін сәнбике үйін шарға толтырып, ертегі әлеміне айналдырды. Тіпті, Майяны Дисней кейіпкерлерінің өзі онлайн түрде құттықтады. Карантин ережесін бұзбауға тырысқан қуаныш иелерін қонақтары да сақтық шараларын ұстануға тырысқан.

Баласы үшін жанын салып, қуантуға құлықты отандық жұлдыздар да жетерлік! Мәселен, тележүргізуші Динара Сәтжан қызының әр туған күнін ерекше етіп өткізуді әдетке айналдырған. Тележүргізуші мерекелік кеш тақырыбын таңдауды әрдайым кішкентай ханшайымның өзіне табыстайды.

Қызының қуанышында барын салатындардың тағы бірі – Айдана Меденова. Әнші тұңғышы Әминаның туған күнінде бірдей етіп, арнайы көйлек тіктіріп көпті сүйсіндірген еді.

Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдинаның кенжесі, 4 ұлдан кейін дүниеге келген Аяланың тұсаукесер рәсімі де кезінде дүркірете аталып өткен еді. Салт-дәстүр сақталған тойда Қыдырәлінің қос қарлығашы бірдей ұлттық киімімен ерекшеленді.

Қарақат Әбілдина, әнші:

- Аялека өзі бір табиғаты ашық, өте бір өзінің табиғатынан адамды жатырқамайтын. Кез-келген адамның іш бауырына кіріп кететін бір мінезі ашық мінезі бар, еркелеп сол.

Алқызыл түсті көйлек, нағыз ханшайымның күймесі, әсем безендіру. Барлығы құдды бір ертегі әлеміндей. Жұлдызды жұп Арман мен Ашаның тұңғышы - Асылымның бір жас тойы әлі де ел есінде!