Ирина Кайратовна, Say Mo, Маржан Арапбаева бастаған өнер өкілдері карантинге қатысты бейнебаян таспалады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл осы «Карантин» атты клип Димаш Құдайбергеннің ютуб парақшасында жарық көрді. Аталмыш видеоны Димаштың өнердегі әріптестері: Кайрат Баекенов, Маржан Арапбаева, Әмре, ағайынды Жүгінісовтар және Ержан Максим бірігіп түсірген.

Қайрат Баекенов, әнші:

- Бұл клиптің мақсаты елімізде және әлемде қазір болып жатқан жағдайды жақсы әнмен, халыққа жеткізу. Үйден шықпай-ақ, керемет әндермен ерекше клип жасауға болады. Шығармашылық адамдар бірігіп топ құрдық.

Су жаңа бейнебаянда жұлдыздардың карантин кезінде үйде не істеп жатқанын көруге болады. Өнер өкілдері осылайша халыққа бір табан жақын болуды көздедік дейді. Алайда, танымалдарды «бәрі тек хайп үшін жасалған» деп айыптап жатқандар да бар көрінеді.

Қайрат Баекенов, әнші:

- Біздің бұл әніміз хайп шақыру үшін немесе коронавируске арнау айту үшін шығарылмаған. Бұл үнемі бір жаңа дүние ойлап шығарғысы келіп тұратын, қоғамға пайдасын тигізгісі келетін шығармашылық адамдардың шығармашылық ойынан туған дүние.

Ирина Кайратовна да креативті клип арқылы жанкүйерін үйде болуға шақырды. Желі жұлдыздары «Сиди дома» атты бейнебаян таспалаған.

ИК-ның аталмыш әні бүгінде тыңдарман арасында сұранысқа ие болып, «iTunes» музыкалық чартының көшін бастады.

Say Mo да, артық шығынсыз үй жағдайында сапалы клип түсіруге болатыныны дәлелдегендей. Рэп орындаушы «Stay home», яғни «Үйде отыр» трегіне бейнебаян таспалап, фалловерлері арасында ерек челлендж бастап кетті.