Өткен жылдың күзінде Анастасия Заворотнюктың аты жаман ауруға шалдыққаны жайлы әңгіме-сөз тарап кеткен еді. Ресейлік БАҚ өкілдері, актрисаның өлім ауызында жатқанын жарыса жазып, ақпарат та таратты. Бірақ Заворотнюк туыстары бұл жайлы жақ ашпады. Ал күні кеше Анастасияның шын мәнінде «глиобластома» дертіне шалдыққаны белгілі болды. Бірақ оның хәлі анау айтқандай нашар емес екен. Бүгінде үй жағдайында ем қабылдап, туыстарымен уақыт өткізіп жатқанға ұқсайды.
Кэмерон Диас өткен жылы ана атанғаннан кейін киноға түсуден, сұқбат беруден жалпы көңілді кештерге барудан қалған. Тіпті жары Бенджи Мэдден екеуі қарым-қатынастарын нығайту үшін психологтармен жиі уақыт өткізетінге ұқсайды. Әлі жасына тола қоймаған қыздары Рэддикстың да суретін инстаға сирек салады. Инсайдерлердің айтуынша, оларға ата-ана болған қатты ұнап қалыпты. Тіпті Кэмерон екіншісін армандап жүр екен.
Дженнифер Лопес өткен күнін есіне алып, ерекше жазба жариялады. Әнші Бенн Аффлекпен болған неке қию рәсіміндегі қызықтарын айтып, жанкүйерлерін бір күлдіріп алды. 2002 жылы шаңырақ көтерген Джей Лоға Бенн, алқызыл түсті гауһар тасы бар жүзік сыйлапты. Бірақ қатты қобалжыған Лопес оны той күні-ақ жоғалтып алғанын айтады. Бірақ Аффлектің ашуынан қорыққандықтан, біраз уақыт бойы жасырып жүріпті.