Коронавирустың кесірі киносаласына да тимей қоймағаны анық! Күні кеше Warner Bros компаниясы көптен күткен «Бэтменның» тұсаукесері кейінге шегерлігенін мәлімдеді. Енді лента тек 2021 жылы, қазан айында жарық көрмек. Аталмыш туындыда Бэтменнің хикаялары жаңартылған нұсқада ұсынылмақ. Онда бас рөлді Робберт Паттинсон, Зои Кравиц, Колин Фаррелдер сомдайды.
Халықпен қауышу сәті кейінге қалдырылған суперқаһармандар бұл ғана емес. Warner Bros-тың «Шазамы» және «Флэшіне» де әлемді құтқару миссиясы туралы әзірге ұмытуға тура келеді. Қос лента да тек 2022 жылы көрермен назарына ұсынылмақ.
Джеймс Бонд та арамызға қайта оралуы тиіс еді! Universal Pictures Дэниел Крэйг басты рөлді сомдайтын «Өлетін уақыт емес» атты шпиондық фильмнің су жаңа нұсқасын дайындап қойған еді. Алайда фильмнің жарық көруіне санаулы күн қалғанда, премьерасы жылдың соңына ауыстырылғаны белгілі болды.
Киносүйер қауым Марвелдің «Морбиус» лентасын тағатсыздана тосты десек артық болмас. Еске салсақ, Джаред Лето рөліндегі суперқаһарман өрмекші адамның қарсыласы саналады. Сюжет желісі бойынша, бас кейіпкер – биохимик өзі шалдыққан сирек кездесетін қан ауруына ем табу үшін вампир-мутантқа айналады.
Енді лента 2021 жылдың наурыз айында жарық көрмек!