Дина Тасболатова тұратын тұрғын үй, түгелімен карантинге жабылды. Аталмыш оқиғадан актриса, есеңгіреп қалғанын жасырмайды. Тасболатованың коронавирусқа шалдыққаны қаншалықты рас? Келесі сюжетте.
Дина Тасболатова енді шынымен де төрт қабырғаға қамалуға мәжбүр. Өйкені актриса тұратын үйден «коронавирусқа» күмәнді науқасты анықтаған. Динаның өзі де, көршілері де екі апта адымдарын аңдып басып, жіті тексерісте болады екен.
Дина Тасболатова, актриса:
- Мен тұратын подъезді 12 күнге карантинге жабады дегенді естігенде қорқып, қобалжып кеткенім рас. Тіпті бұл жайлы бізге ескертпеді де. Тек бәрін түгел жабатындарын, керек-жарақты өздері әкеліп тұратындарын ғана айтты. Жауапкершілігі төмен бір адам үшін, көпшіліктің зардап шегетінін біздің ел әлі түсінбей жүрген сияқты.
«Алғашында қатты қорықтым» деген актриса қазір сабырға келгенін айтады. «Өмір салтымды да өзгертпеймін. Үйде жатсам да жағттығуларымды тоқтатпаймын», - дейді ол.
Ал кейбір актерлар үшін, карантан өзін басқа қырдан сынап көруге берілген үлкен мүмкіндік сияқты. Мәселен, Санжар Мәди скринлайф жанрында жаңа туынды таспалауға кірісіп кеткен.
Санжар Мәди, актер:
- Үйде отыра бергеннен зерігіп кеттім, бір нәрсе түсіргім келді. Себебі, құр отыра берсең, шығармашылық дағдарысқа тап боласың. Сондықтан, неге ерекше фильм таспаламасқа деп шештім.
Ал Артур Төлепов карантин кезінде, самаурынға шәй қайнатып, отын жарып, қоршау сырлап уақыт өткізіп жатыр екен. Бірақ актер оқуға да көңіл бөлуді ұмытпапты.
Артур Төлепов, актер:
– Шыны керек, адам баласы әрбір затқа үйренеді екен. Үйде отыруға да үйреніп қалдық. Өзіме сол сұрақты қойсам... Шын, осы карантинде кәдімгідей оқи алмай жүрген кітаптарымды оқып бітіріп, тағы да жаңа кітаптарымды бастап, түрлі онлайн сабақтарға қатысып кеттім.
Карантин – көп әртіске жаңа хобби тауып беріп, оларды басқа қырларынан ашты десек, қателеспейміз.