Майли Сайрустың салы суға кетіп, күйзелісте жүрген сияқты. Себебі әншінің бойфренді Коди Симпсон оған үйленуге асықпайтынын, тіпті ондай ойының жоқ екенін жасырмай айтып, Батыстық БАҚ-қа сұқбат берген. Бұны естіген Майлидің таңданысында шек болмапты. Өйткені 6 айдан бері бірге тұрып, жұптары жазылмай жүрген соң, «Коди жақын уақытта үйлену туралы ұсыныс жасайды» деп күткен. Бірақ Симпсон басқаша ойлайтын сыңайлы.
Карантин басталғалы ешқандай сән орталықтарының жұмыс істемей тұрғаны белгілі. Әсіресе өнер өкілдеріне бұл жәйт кері әсер етуде. Мәселен Белла Хадид күні кеше өз қолымен кекіл кесіп, имиджын өзгерткен. Бірақ топ-модельдің жаңа образы жанкүйерлеріне жақпай қалған сыңайлы. Себебі Белла жасаған сауалнамада көбісі, «жараспайды» деген нұсқаны таңдаған.
Настя Ивлеева пандемиямен күресіп жатқан ақ халаттылар мен ауыр науқастарға 1,5 миллион рубль бөлді. «Қазір дәрігерлер екі есе қиындық көріп жатыр. Байқамай ауру жұқтырып алса не болмақ? Олар тіпті бірнеше айдан бері отбасыларын да көрмей жүр. Тек сабыр тілеймін», - деді Настя. Қала берді тележүргізуші неге бұл әрекетін жасырып қалмағанын да түсіндірді. Айтуынша, басқа өнер өкілдері осы қайырымдылықты көріп, ойланады деген үмітте екен.