Ким Кардашьян кезекті іш киімдер коллекциясын ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ким Кардашьян кезекті іш киімдер коллекциясын ұсынды! Карантин кесірінен инстажұлдызға су жаңа үлгілерін сән мінберінде емес, әдеттен тыс форматта таныстыруға тура келді. Сылқым топтаманы үйінде еденге жайып қойып, олар туралы баяндап беруді құп көріпті.

Кардашьянның айтуынша, коллекция көп күттірмей, 21 сәуір күні сатылымға шығады. Ал іш киімді бірінші болып алғысы келетіндерге алдын-ала тапсырыс беру функциясы іске қосылған. Су жаңа үлгілердің бағасы 26-42 доллар арасында.

Еске салсақ, атышулы бикеш дебютты коллекциясын өткен жылы, жаңа жыл қарсаңында ұсынған еді. Дизайнерлікті қолға алған Кимнің бренді үйге арналған үлгілер шығаруымен ерекше. Яғни, топтама халаттар мен пижамалар, іш киімдерден тұрады.

Ал сәнбике ұсынған бұл киімдер карантин кезінде үйде жатқан арулар арасында сұраныста болары сөзсіз. Бикеш дәл осылай төрт қабырғаға қамалған сылқымдарды қолдамақ болған көрінеді. Одан бөлек,

Ким Кардашьян дәл осы «SKIMS» брендінің атынан коронавирус жұқтырған мұқтаж отбасыларға қайырымдылық ретінде 1 миллион доллар ақша бөлген болатын.