«Патруль» телехикаясының жұлдыздары карантин кезінде мұқтаж жандарға көмектесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мақтанудан аулақпыз! Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов карантин кезінде қайырымдылық жасап, көзге түсті. Алайда актерлар игі істерін жұртқа жария еткісі келмейтін көрінеді. Себебі, өнер өкілдерін «тек хайп үшін жүрсіңдер» деп даттайтындар көп көрінеді.

Карантин кезінде құр жатпай, игі іске кіріскендер қатарында шоу-бизнес өкілдері мен медиа тұлғалар жетерлік. «Патруль» телехикаясының актерлары осылайша бәріміз бірігіп, пандемия басталғалы бері қолдан келгенше мұқтаж жандарға көмектесіп жатырмыз дейді.

Мейірхан Шернизов, актер:

- Бұл әрине бірінші қайырымдылық емес, осы айда 2-3 қайырылымдылық жаңағыдай көмектестік қорларға. Бір қуантатын жәйт, өйткені ол аз емес ондай көмектесіп жатқандар. Біз енді үлгергенше келіп жатырмыз.

Қиын сәтте бірге болу міндетіміз деген Мейіржан Төребаев, үй-үйді аралап жүріп, корнавирус жұқтырып алудан да қорықпайды екен. Еріктілер қатарына енген ол қайырымдылық жасау үшін бәріміз қалтамыздан қаржыны теңдей шығардық дейді.

Мейіржан Төребаев, актер:

- Сол балдармен бірге, спонсорлар бар, жігіттер бизнесмендер бар который ақшалай көмек беретін. Мысалы ақшалай емес, мына азық-түлік әкелетін, сол бәрін коробкаларға жайғастырып. И отбасыларға тасып жүрміз.

Күніне кем дегенде 100 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етіп жүрген танымалдар, оны таратуды да өз мойнына алған. Бірақ, өкінішке қарай игі іске ұмтылған актерларды дұрыс түсінбей жатқандар да кездеседі екен.

Мейірхан Шернизов, актер:

- Көрермендер айтуы мүмкін мұның бәрін міне көзге көрсету үшін істеп жатыр ма, типа показуха ма деп. Айтатыным, біліп қойсаңыздар садақаның екі түрі болады ғой. Біреуі жария, біреуі жария емес деген. Сол сияқты біз жігіттер, бұдан басқа көптеген садақалар жасап жатыр оны білеміз. 99 пайызы көрінбейді.

Волонтерлардың басы қасында жүргендердің тағы бірі – Бейбіт Әлібеков. Танымал блогер өзінен жәрдем сұраған жандардың көп екенін алға тартады.

Бейбіт Әлібеков, блогер:

-Бізге мыңдаған адам өтініш білдіреді, бәрін бірден қамтамасыз ету оңай емес. Біз арнайы тізіммен жұмыс істейміз. Қатты қиналған жандарға бірден көмектесуге тырысамыз.

Сондай-ақ блогер барша қазақстандықтарды қайырымдылық жасауға