Настасья Самбурскаяның басы дауға қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Агата Муценице мен Павел Прилучный ажырасады» деген әңгіме тарағалы бері, Ресейлік шоу-бизнес өкілдері екі қарсы тарапқа бөлінген. Әсіресе Настасья Самбурская бұл жанжалға қатысты пікірін ашық әрі өткір білдіремін деп, оқырмандарының сынына ұшырады. Десе де актриса ойынан қайтпақ емес екен. «Біз ерлерді кінәлі қылуға асығамыз. Оларды да тыңдап көрейік. Айтары бар шығар», - деді Настасья. Шынында да, даудың басталғанына екі айға жуық уақыт болса да, Павел әлі ләм деп жақ ашпады.

Хайптың шын дәмін сезінген Эмбер Херд болса керек. Актриса соңғы жарты жалдықта жұртшылықты тосын қылықтарымен таңғалдырудан жалығар емес. Біресе «Депптен қорлық көрдім» десе, енді бірде «оны төмпештеген өзім» деп тосын мәлімдемесін дүрсе қоя береді. Осы әрекеттерінен кейін-ақ Эмбер Херд, күні кеше шынайы әскери тапанша ұстап жүретінін айтып, тағы таңғалдырды. Бұны естіген жанкүйерлері оған: «психологқа қаралшы», - деп кеңестерін айтуда.

«Деффчонки» сериалының актрисасы – Галина Боб коронавирус жұқтырып, бүгінде үй жағдайында ем қабылдап жатыр. «Аты ғана болмаса, мені тексеріп жатқан жан баласы жоқ», - дейді өзі. Бір апта бұрын бірінші рет тест тапсырған Галинаның «Covid-19» вирусын жұқтырғаны анықталған. Екінші рет сынамадан өткен ол, диагнозының нақты екенін айтады. Бірақ Мәскеулік дәрігерлер актрисаны әзірге тексерістен өткізуге асықпай жатқанға ұқсайды.