Джонни Депп пен Эмбер Херд арасындағы дауға нүкте қойылар емес.

Сообщить о проблеме с эфиром

Джонни Депп пен Эмбер Херд арасындағы дауға нүкте қойылар емес. «Жала жабу» бабымен Эмбер кінәлі болып табылса да, актриса сотқа кері шағым түсірген еді. Ал Депп күні кеше жараланған қолынының видеосын желіге жариялап, кезінде Хердтің өзін ұрып-соққанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Экс-жары актермен жанжалдасып жатқанда, оның сұқ саусауғын есік саңылауына қысып, көпке дейін жібермей қойыпты. Тағы ол әрекетін жасыру үшін жанұялық дәрігерге «Депп саусағын өзі жаралап алды» деп хат жазған. Бірақ жүргізілген сараптама басқаша жауап көрсетті.

Есесіне, Брюс Уиллис пен Деми Мур карантинді бірге өткізіп жатыр! Экс-жұбайлардың қасында кіші қызы Таллула да бар. Бәрі бірдей жасыл-ала пижама киіп алған. Суреттен олардың уақытты қызықты өткізіп жатқанын байқаған жанкүйерлер, кезіндегі хит жұп қайта қосылады деп болжауда.

Оксана Самойлова шынымен ел ойлағандай торғайға да залалын тигізбейтін момын ба? Бүгінде сәнбикенің артынан өкпесі қара қазандай адамдар алып-қашпа әңгімелер өрбітуде. Мәселен, Оксананың дүкенінде қызмет еткен кезіндегі қызметкерлер: «Ол ақымызды жеді. Еңбек кодексін бұзды», - деп отыр. Тіпті ашулы топ сотқа да жүгінген екен. Бірақ олардың шағымы қанағаттандырлмаған. Жеңілген тарап: «Сылқым атағының арқасында соттан сытылып отыр. Біздің көз жасымыз жібермей, күйеуімен ажырасып отыр ғой, сауап. Өмір бумеранг – Оксана», - дейді.