Қазіргі сәтте қазақстандықтар арасында екі мәселе қызу талқыға түскен! Оның біріншісі «коронавирус» болса, екіншісі Оксана Самойлова мен Джиганның қарым-қатынасы. Отандастарымыз жұлдызды жұптың болашағына алаңдаулы. Экс-ғашықтардың бүгінгі жағдайы қалай?
Олардың отбасына қызықпаған жан баласы болмаған. Ол жанұя ізгілік пен сыйластықтың эталоны іспетті еді. Бір сәтте шаңырақ шайқалып, ортасына опырылды. Оксана мен Джиганның қарым-қатынасы үшін күллі ТМД алаңдаушылық білдірді. «Жанкүйерлері бұл сәтсіз қара пиар болып шықса екен», - деп тіледі. Бірақ бәрі ақиқат екені тайға таңба басқандай белгілі бола бастады.
Алғашында мінсіз мүсінді, 4 баланың анасы Самойлова «балаларымның әкесін осындай қиын сәтте қолдауым керек. Ажыраспаймын. Әкелік құқығынан айырмаймын» деген тосын мәлімдеме жасаған болатын. Бірақ Оксана араға он бес шақты күн салып, ойын түбегейлі өзгертіпті.
Бәріне Джиганның ессіз қылықтары себеп. Әнші өзін бақылаудан қалып, желіге түрлі ақылға сыйымсыз суреттер мен жазбалар жүктей бастаған. Осының бәрі де Самойолованың шыдамының соңғы тамшысы болған сыңайлы. Бір жеті бұрын инста парақшасына ажырасатынын айтып пост қалдырған.
Қала берді Оксана түбегейлі күйзеліске түсіп кетпеуіне балаларының көмектесіп жатқанын да жазған. Енді жалғыз жортатын сылқым, жас аналар мен тұрмыс құрмаған қыздарға өзінің ақыл-кеңесін айтып, білгенімен бөлісуде. Көпбалалы ананың пікірінше, сәбиді өз күшің мен материалдық жағдайыңа ғана сеніп дүниеге әкелу керек екен. «Әйтпесе менің күйімді кешіп қаласыңдар», - деп сөзін түйіндеді ол.
Ал бір аптадан бері инстаграмда белсенділігін жоғалтқан Джиганның осы уақытқа дейін қайда екені беймәлім еді. Кеше келіп түскен инсайдерлердің ақпараты бойынша, әнші қайтадан емдеу-сауықтыру орталығына жатқызылыпты. Жанкүйерлерінің «одан телефонды тартып алыңдаршы» деген өтініші орындалған сияқты...