Аян Өтепберген әншілік қырынан өзін сынап көрмек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Аян Өтепберген енді әнші! Талай жылдан бері актер ретінде танылып келген ол, өзін жаңа қырынан сынап көрмек. Өнерпаз тіпті бірнеше трегін жарыққа шығарып, тыңдарманның ыстық ықыласына бөлініп үлгерді.

Аян Өтепберген, актер:

- Егер бойымда жоқ болса, ондай талант, талант демеймін енді, әншілік кішкене қабілет бар, сосын музыкалық инструменттерде ойнағанды жақсы көремін. Осы жылды кішкене әнге арнасам деп шештім. Осы жыл басталғалы бері, 2 ән шығардым.

Оның үстіне муызкалық драма факультетін тәмамдаған Аян, «кәсіби әнші болмасам да, музыкадан біраз хабарым бар», - дейді.

Аян Өтепберген, актер:

- Өзім шығарамын әндерді, әндердің сөздерін де өзім жазамын. Кейбір жерлерде музыкалық гитарада сүйемелдеу болса, гитараны да өзім ойнаймын.

Бүгінде Өтепберген музыкант ретінде «Секіре алмайтын шегіртке», «Дежавю» және «Ты еще не спишь» сынды тректерін ұсынған-ды. Аян әндерінің барлығын өзінің қиялындағы аруға арнайтын көрінеді.

Аян Өтепберген, актер:

- Мен өзім өзіме бір муза создавать дейді ғой қалай, ойыңда бір муза не істейсің да яғни сол музаға жұмыс істеп, соған ән арнайсың соған ән шығарасың.

Ал Аянның мұндай әрекетіне сүйген аруының жоқтығы себеп болса керек. «Дәл осы жылы үйленемін», - деп былтыр уәде берген актер, өмірлік жары болатын жанды әлі күнге дейін кездестірмегенін айтады.

Аян Өтепберген, актер:

- Ол уәде, енді білмеймін, кейбір кезде асығыстық айтып қоямыз көп нәрсені. Сондықтан бұйырып жатса әрине үйленеміз. Бұйырмаса әрине үйленбейміз. Бірақ енді ниет бар. Желания бар үйленуге. Қыз жоқ пока.

Сондықтан Аян жанкүйерлерін әзірге жеке өміріне қарағанда, шығармашылық жаңалықтарымен қуантуға құлықты. «Алда талай тың тректердің тұсауы кесіледі»,- дейді ол.