Бұл әнші әрі актриса Анар Батырханның жаңа челленджы. Коронавирустың кесірінен карантинге тап болған халықтың көңілін «басқа арнаға бұрғым келді» деген блогер, құр даурықпай, уақытты тиімді пайдалануға шақырды.
Анар Батырхан, актриса, блогер:
- Адамдарды кішкене стрестен шығару үшін жасалған челлендждардың бірі. Осы күндері мен барша қазақстандықтарды кішкене қатты уайымдамай, қатты өз өздеріне көңілдеріне алмай, сол күнді бес кітап оқып немесе үйде отырған аналар нешетүрлі тамақтарды үйреніп, қазір ютуб деген нәрсе бар. Интернет деген заман енді.
Алайда актрисаның игі бастамасын теріс түсінгендер де табылды. Ажал құштырып жатқан індетке рақмет айтып, көпшіліктің ашуын тудырған бикеш, «айтпағым ол емес еді», - деп ақталды.
Анар Батырхан, актриса, блогер:
-Үйде отырып алып, истерика жасамай, сол уақытты кішкене халықты кішкене тыныштандырып, кішкене сабырға салып, уайымдамаңыздар бәрі жақсы болады деген видео түсірілген негізінде, әрине көбі түсінбей жатыр неге рақмет айтып жатсыз деп жатыр спасибо коронавирус деген сөз болды арасында. Біздің осыған дейін көңіл бөлмеген заттың барлығына неғұрлым көбірек көңіл бөлу. Осы жайлы айтылған видеоның өзі.
5 кітап оқып, 5 пайдалы ас дайындап үйреніп, 5 фильм тамашалауды ұсынған актрисаның өзі, танымдық картиналар қарауды қолға алған. Сондай-ақ, «бір мезгіл таза ауаға шығудың да пайдасы мол»,- дейді ол.
Анар Батырхан, актриса, блогер:
-Үйде отырмын мүлдем шықпаймын деп айта алмаймын. Бірақ көп адам жүретін жерде жүрмеймін.
Таза ауада серуендеп, отбасымен көбірек уақыт өткізуге әнші Айқын Төлепберген де шақырады. Төрт баланың әкесі бөтен адамдарға жақындамай, далада ештеңе ұстамауға кеңес берді.
Ал игі бастама көтерген Анара Батырхан эстафетаны оқырмандары мен өнердегі әріптесіне жолдады.