Бүгінде «Голос. Украина» жобасында бақ сынап жүрген Индира Еділбаева мен Ерлан Байбазаровты танымайтын қазақ жоқ. Осымен оныншы рет өтіп жатқан музыкалық сайыста бақ сынаған қос жерлесіміз 2 кезеңді артқа тастап отыр. Ел намысын қорғаған Инди мен Ерланның өнерін бақылап отырған өнер өкілдері де жоқ емес. Олардың қатарында Әли Оқапов та бар.
Әли Оқапов, әнші:
-Тек қана сәттілік тілеймін, ол оған лайықты. Ақылына көркі сай, және шыныменде дарынды әнші. Сондықтан оны Украина елінде бағалап, шынымен де бағын ашып,тіпті сол ТМД елдеріне немесе тіпті бүкіл әлемге танымал етсе, әрине қуанамыз.
Естеріңізде болса, Әли кезінде Индираның музыкалық продюсері болған еді. Сондықтан да оның мүмкіндіктерін жақсы білемін дейді ол. Алайда әншінің өзі, шетелдік музыкалық жобаларға қатысып, танылуға қарсы.
Әли Оқапов, әнші:
- Жалпы менің өз карьерам да маған ұнайды, менің жұмысым бар. Ал байқауларға сол өзінің жалпы жолын табу үшін немесе көрерменін табу үшін басым көпшілігі олар енді шыққандар ғой. Былай қарағанда үлкен тәуекелге бармайды да ол үшін. Маған ол қажет емес. Өйткені өзімнің жолым жеткілікті».
Әнші Тамар Асар болса, Әлидің бұл пікірмен келіспейді. Айтуынша, шын жүйрік тек бәйгеде шыңдалады.
Тамара Асар, әнші, Құрмет орденінің иегері:
-Ол тек қана қазір емес, бұрында да солай болған. Бәйгеге ат шапқаннан кейін барып ол атты мойындаған. Сондықтан оған ренжуге болмайды. Барлық кезде солай болған. Ат қорада тұрса, оның жүйрік екенін кім біледі. Ешкім білмейді. Ол тек екі ауылдың арасында жүрсе, жүйрік екенін ешкім білмейді.
Ал Айқын Төлепберген көрші елде бағын сынап жүрген әріптестерін мүлде түсінбейді. Оның пікірінше, алдымен Қазақстанда өзіңді мойындатып, танымалдылыққа қол жеткізу керек.
Айқын Төлепберген, әнші:
-Индира сол конкурсқа қатыспай тұрып, Қазақстан оны танымайтын. Енді сол Украинаға барып, «Голостан» турдан өткеннен кәдімгідей қазақ елі танып жатыр. «Голос Украины» неге екенін білмеймін, Қазақстанда жастар жақсы бағалайды, кәдімгідей бақылайды. Енді ол да стимул біздің әншілер үшін. Именно қазақ еліне танылып, қазақ өнеріне еңбегі сіңу керек та Украинаның емес, Ресейдің емес.