«Қазақ аруы – 2020» анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Баян Алагөзованың дәстүрге айналған «Қазақ аруы» байқауы өз мәресіне жетті. Биыл сұлулық конкурсының он жылдық мерейтойы. Соған орай, Мақсатқызы осы уақытқа дейінгі барлық жеңімпаз аруларды кешке жүргізуші ретінде шақырған-ды.

Ал ақылыңа көркі сай сұлулар ішінен нағыз қазақтың аруын таңдау үшін Баян ханым әріптестерінің көмегіне жүгінді. Конкурста Айгүл Иманбаева, Айгүл Мүкей, Назым Қарпықова, Арман Дүйсенов, Асхат Маемиров және Тәуекел Мүсілім қазылық етсе, эстрада жұлдыздары қатысушылармен бірге өнер көрсетті.

Тамара Асар, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Біріншіден бой түзейді, бой түзеген адам ойын да түзейді. Сондықтан күнделікті күйбелең тірлектен алыстап, бір жаңалыққа қарай ұмтыла бастайды. Бұл әлем әдемілкке ұмтылады ғой, сондықтан, әдемі нәрсенің санын да сапасын да өсіреді мұнда нәрсе. Тек әділ болсын.

«Барлығы 18 қыз қатысқан сұлулық сайысы, бұрымдылардың танылуына таптырмас мүмкіндік», - дейді Кентал. Мәселен, 2014 ші жылы жеңіске жеткен Гүлназ Жоланова бүгінде сұраныстағы актрисалардың бірі.

Кентал, әнші:

- Жыл сайын осы «қазақ аруы» жобасы өте берсін, өсе берсін, болсын, * Өздерінің сұлулығыңды көрсетіп дарынды талантты екеніңді көрсетуге сондай мүмкіндік.

Алайда, кеште оқ бойы озық шығу сұлуларға оңайға соқпады. Бұрымдылар өнерімен тәнті еткенімен, интелектуалды бөлімге келгенде дұрыс жауап бере алмай біраз тосылды.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Әр жыл сайын қиын. Себебі, қаншама қыздың арасынан ең үздігін таңдау біз үшін оңай емес. Дегенмен лайықты ару өзінің тәжін киді.

«Қазақ аруы-2020» байқауының гранпри иегері – Алматы облысының сұлуы. 20 жастағы Нарқыз Айдарова біраз отандық туындыларда төбе көрсетіп үлгерген.

Нарқыз Айдарова, «Қазақ аруы 2020»:

-Рахмет үлкен, бәрі жақсы, бәрі ойдағыдай өтті. Шын жүрегіңмен қалаған нәрсе, орындалатынына енді көзім жетіп отыр. Мен өзім қазір актриса мамандығында оқып жатырмын, сондықтан сол манадықта танылғым келеді бұйырса. Әрине осында тұрған, 18 қыздың бәрі жеңіске әбден лайық болды..