Алагөзованың тұңғышы секілді екінші анасының қолдауымен бәріне үлгеріп, «заманауи келін» атанып жүрген танымалдар жетерлік. Мәселен, Дәурен Айдарқұловтың нақсүйері Ақбота-Нұр: «енемнің арқасында қазір пысық келіндер қатарындамын»,- дейді.
Ақбота Нұр, әнші:
- Ақ саусақ болып келгенмін, бірақ енемнің, мамамның арқасында қазіргі уақытта ас үйдің қыр-сырын үйрендім. Тағамның қыр-сырын деген сияқты. Заманауи келін деген енді үйді де ұстап отыратын, бала шағаны да бағып отыратын, асты да әзірлеп кететін жұмысты да қатыратын адам болуы керек.
Жанұя тақырыбындағы вайндарымен көпшілікке танылған актриса Дана Есеева да алғашында ақсаусақ болған. Алайда табандылығының арқасында бүгінде Төребаевтар әулетінің бетке ұстар келіні атанып отыр. Оның пікірінше, отбасылық өмірге бірден дайын болу мүмкін емес.
Дана Есеева, вайнер - актриса:
- Енді ол нормально нәрсе, сәлем беру керек қонақтар келгенде туыстар келгенде, орамал тағу керек мысалыға. Өзінің бір салттары бар дастархан салттары бар оның бәрін үйрендік енді бір үш жылдың ішінде бәрін білдім енді.
Айнұр Ілиясова болса, робот келін атанғалы қашан. Үйге де, жұмысқа да үлгеру енем екеуміздің басты қағидамыз деген актриса, екінші анасы секілді жан-жақты әрі пысық болуға ниетті.
Айнұр Ілиясова, актриса:
- Ол кісінің көп уақыты бола қоймайды, бола бермейді. Өйткені, ол кісі таңнан кешке дейін жұмысында. Мен негізі енемнің топырағынан жаралғам негізі.
Алтын алқадан үміткер ретінде, Динара Сұлтанның әріптестеріне берер кеңесі жоқ емес. Тәжірибесі мол келін әрі 6 баланың анасы ұйқы атты жауды жеңгенде ғана бәріне үлгеруге болатынын айтты.
Динара Сұлтан, әнші:
- Таңертең ерте тұру ғой, ең бастысы сол ғой, адамның ең бірінші жауы ол ұйқы дейді ғой, ұйықтамау керек, ерте тұру керек. Ұстаным сол ерте тұрып, балалармен айналысу, одан кейін уақыт қалған кезде өзімен айналысам.