Айсәулі Бақытбек келіндік міндетін қалай атқарып жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ақ келін атанғанғалы Айсәуле Бақытбектің көпшілік назарынан тыс қалғаны жасырын емес. Сөйтсе, бикеш өнер әлемінен жырақтап, өзін бизнес саласында байқап көрмек екен. Еске салсақ, Баян Алагөзованың қызы кезінде блогер атанып, тележүргізушілік қырынан да танылған еді.

Айсәуле Бақытбек, блогер:

- Дәл қазіргі уақытта шығармашылыққа қатысты жаңалықтарым бар деп айта алмаймын. Себебі, мен қазіргі таңда бизнеске көңіл бөліп жатырмын. Қазақстандағы бьюти индустрияның дамуына өз үлесімді қосқым келеді.

 

Өзімді сән әлемінен көремін деген Айсәуле, бүгінде бірнеше сұлулық салонын ашқан. Сылқым, бьюти маман атануды қалайды екен.

Айсәуле Бақытбек, блогер:

-Менің ойымша 21-ші ғасырда отбасылы әйелдер де, декреттегі аналар да барлығына үлгеріп жатады. Себебі, бірнеше бизнестің басын ұстау бүгінде тредке айналып кеткен сияқты. Жұмыстың көптігі мен қиындығына қарамастан нәзік жандылар мінсіз көрінеді. Менің де ұстанымым сондай.

Бизнесвумен атанған Айсәуле жұмысы мен отбасын теңдей ұстауға тырысады. Оның үсітне, жас келіннің әр бастамасын барған жұрты қолдап отыратын көрінеді.

Айсәуле Бақытбек, блогер:

- Егер сен махаббатпен жаңа отбасына барсаң, сүйген адамыңа тұрмысқа шықсаң, барлығы мүмкін. Мені күйеуім де, ата-енем де қолдайды, барынша көмектеседі.

Бүгінде Баян Алагөзованың қызы, ата-енесімен бір шаңырақ астында тұрады. Бикеш өзінің келіндік міндерттерін бұлжытпай орындауға тырысады екен. Ал бұл жағдайда Айсәулеге екінші анасы жәрдемдесетін көрінеді.

Айсәуле Бақытбек, блогер:

-Менің анам, барлық жағдайда көмектеседі. Әсіресе біз бірге ас әзірлегенді ұнатамыз. Талғамдарымыз да бірдей. Тек ол кісі көбіне жұмыста жүреді, үйде бола бермейді.