Кезінде голливуд сылқымдарының Харви Вайнштейнді сексуалды-зорлық зомбылық көрсетті деп айтыптауы, күллі әлем шоу-бизнесін дүрліктірген еді. Тіпті, бұл оқиға #metoo қозғалысының басталуына сеп болды. Киномагнаттың үстінен 70-ке жуық актриса шағым түсіріп, ақыр соңы ол Нью-Йорктегі полицей бөлімшесіне өз еркімен барған болатын. Ал күні кеше, Харви айыпты деп танылды. Алайда, сот өкілдерінің продюсерге қатысты қандай үкім шығаратыны наурыздың 11-і белгілі болмақ.
Ал отандық кино өкілдері Харвиды жазғыруға асықпайды. Мәселен, Асқар Бисембин әріптесін айыптаудың орнына, жақтауды жөн көрді.
Асқар Биссембин, режиссер:
- Мына сөздерімнен соң, мені бәрі жек көріп кетуі мүмкін. Бірақ айтыңыздаршы, неліктен актрисалар 10 жыл өткен соң Харвиге қатысты мәлімдеме жасады? Яғни олар, танымал болып, киноға түсіп, марапат еншілеп, барлығына қол жтекізген соң айыптауға кірісті. Өте қызық. Неліктен олар, сол оқиға бола салысымен, полицияға хабарласпады?
Еске салсақ, Харви Вайнштейнді айыптағандар арасында Анджелина Джоли, Сальма Хайек, Ума Турман сынды танымал Голливуд жұлдыздары да бар.
Асқар Биссембин, режиссер:
- Мен Харвиді талантты продюсер ретінде танимын. Оның жетекшідігімен «Сақиналар әміршісі» атты фильм дүниеге келді. Ал, жалпы алғанда, жұмыста харассмент көрсету оңбағандық.
Осылайша, Бисембин режисер болсам да, актрисаларға сексуалды зорлық-зомбылық көрсетуден аулақпын деп, ағынан жарылды. Киногердің бұл сөзін Қарлығаш Мұхамеджанова да құптағандай.
Қарлығаш Мұхамеджанова, актриса:
- Ашық харассментті кездестірмедім. Кино саласында қанша уақыт жүрсем де, ондай оңбаған адамдар жолықпапты. Бірақ, желсіз шөптің басы қозғалмайды дейді ғой.
Қысқасы, Қарлығаш «сылқымдардың өзі де кінәлі болуы мұмкін» дегенді астарлап жеткізді. Актриса, қазақ халқының ділі мұндайға жол бере қоймайтынына сенімді.