Джонни Депп Лондонның жоғарғы сотына арыз түсірді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джонни Депп Лондонның жоғарғы сотына арыз түсірді! Бар мәселе Кариб аралының қарақшысының атына «The Sun» журналы кір келтіріпті. Актердің кінәсіздігі дәлелденсе де, «Эмбер Хердқа қысым жасапты» деп мақала шығарған басылым, Депптен ресми түрде кешірім сұраған, бірақ Джонни «оларды заңмен жазалау керек» деген ұстанымда.

Ара қатынастары жақында ғана түзелген Виктория мен Дэвид Бекхемдер қайтадан жанжалдасып қалыпты. Даудың басы тұңғыштары Бруклиннің «үйленемін!» деген сөзінен шыққан. Әйелі келісімін бергенімен, аяқдопшы 20 жасар ұлына отау құруға әлі ерте деген пікірде екен. Никола Пельтц есімді сәнбикені жар еткісі келетін Бруклин, сол ұрыстан кейін үйден кетіп қалған.

Эдди Мёрфи мен оның қалыңдығы Пейдж Батчер Лос-Анджелестегі футбол ойынын тамашалуға келіп, жұрт назарын өздеріне аударды. Жақында ғана 58-ге толған актер әдеттегідей өте сәнді киінген. 40-тағы ғашығы да одан қалыспағандай. Жарасымды жұпты папарацци қайта қайта суретке түсірумен болды. Он баланың әкесі UFC президенті Дана Уайтпен кеш барысында әдемі әңгіме өрбітіп отырды.