Кезінде атағы жер жарған Бритни Спирстің соңғы кездері адам танымастай өзгеруі жанкүйерлерін қатты алаңдатуда. Папарацци көзіне жиі ілігетін әншінің жағдайының нашар екенін мына кадрлардан-ақ байқауға болады.
Кезінде талай жастың кумирі болған әншінің мұндай күй кешуінің себебін көпшілік түсіне алмай дал. Бритни тіпті, тың туындаларымен қуантуды қойғаны қашан. Поп-жұлдыздың фанаты болған Мәди Рымбаев танымал адамдарды тура жолдан тайдыратын ақша деп біледі.
- Джастин Тимберлейк, Бритни Спирс кім тағы да, ну ең танымал әншілер ғой. Енді әрине олар да адамдар ғой, көп жұмыс жасау үшін адам шаршап кетеді және көп ақша болғандықтан, кейде дұрыс емес заттарға немесе дұрыс емес жерге былай ақшаны береді. Сол ақшадан шығар.
Әлидің пікірінше, мега жұлдыздардың күйзеліске түсіп, өмірден баз кешуі үйреншікті құбылыс. «Дегенмен, әртіс қашанда абыройлы болу керек», - дейді.
- Әрине ол тұрақтылықтың арқасындағы нәрсе. Өйткені, кейбіреулер мысалыға өкінішке орай үзіліс жағынан көп уақыт алып қояды да, содан кейін қайта оралу, тіпті қайта оралғанның өзінде де көңілін аудармай қалады да, тыңдарманға және тыңдарман оны байқамай қалады сол үшін менің ойымша тұрақтылық керек.
Ал Дидар Кәденнің үлгі тұтатын тұлғалары – Уилл Смит пен Джейсон Стэтхэм. Голливуд жұлдыздарының мінсіз мүсіні мен өз жастарынан әдеқайда кішірек қөрінуі әншіні тамсандырмай қоймапты. Одан бөлек, актерлар 50-ден асса да, әлі күнге дейін сұраныста.
Дидар Кәден, әнші:
- Менің өзімнің сүйікті актерларымның бірі Уилл Смит немесе жаңағы Джейсен Стэтхэм. Түрлері өзгерсе де жаңағы жасы келіп, бет-әлпеттері әжім түсіп қартайса да, бірақ денелері формалары әлі сол қалпы.
Дидар Кәденнің айтуынша, биік тұғырдан көріну үшін, үнемі шыңдалу керек. Мейлі ол шығармашылық болсын, мейлі сырт келбет болсын – аянбай тер төгуің тиіс. Сонда ғана, халық сені кумир ретінде қабаылдайды.