Сәкен Майғазиев ұлына қалыңдық іздеп жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ұлыма қалыңдық іздеймін!». Әмина апа секілді Сәкен Майғазиев те ерекше мәлімдеме жасады. Тұңғышының басын екеу етіп, немере сүюге асығып жүрген өнер иесі «бұл тақырыпта Әділетімнің құлақ етін жеуді бастап кеткенмін»,- дейді.

Сәкен Майғазиев, әнші, ҚР Мәдениет қайраткері:

- Мен де күнде айтамын. Ең бастысы, адал жар кездессе екен біреуге ерте келеді махаббат, біреуге кеш келеді. Ең бастысы, құдам жақсы болса екен, құдағиым жақсы болса екен деген тілек.

«Ұлым біздің таңдауымызға қарсы емес», - дейді өнер иесі. Сондықтан да келін іздеу операциясын Майғазиев мырза әлдеқашан бастап кеткен. Бұрымдылары бар достарының бәрін «құдеке» деп жүрген өнер иесі, енді бұлай айтпауға шешім қабылдадым дейді. Ол шешіміне үйдегі жеңгеміздің сөзі әсер еткен.

Сәкен Майғазиев, ҚР Мәдениет қайраткері:

- Балаға ұнай ма ұнамай ма, құда деп сіз айтқанмен бола салмайды, екі жастың бірін бірі ұғынысуы бар. Дәмелендірмеңіз + 01-24-20 деп айтқаннан кейін кей жерлерде іштей тынатын болдым. «Опппа мына керемет қыз екен келін болатын» деп.

Жақында ғана екінші рет ана атанған Жазира Байырбекова «жас ене» атануға әбден дайын. Десе де, өнер иесі болашақ келінінің өзі сияқты жуас болғанын қаламайтынын ашып айтты.

Жазира Байырбекова, әнші:

- Ене болуға мен інім мектеп бітіргелі дайынмын, образға кірдім, келініммен қандай отношениеде болатынымызды елестеттім. Өзім қандай келін болдым, дәл сондай келін болуға талап етпеймін.+01-09-50 қаталдықты көрдім ғой мен, мен қатал бола алмаймын. Менің табиғатым басқа.

Жазира ханымның талаптары мұнымен шектелмейді. Өзі үй көзін көрмейтіндіктен, болашақ келіні асүйге жақын әрі толассыз қонақты күтуге дайын болғаны абзал.

Жазира Байырбекова, әнші:

- Оның үстіне қонақтар көп келеді. Аптасына кемі 4-5 адамнан 2-3 рет келеді. Сол көпшілікке үйренгенбіз. Келіннен бөлек тұрам деп айта алмаймын. Мен келініммен тұрып, үлкен дастарханның басында күнде отырып шай ішіп, әңгіме-дүкен құрып өмір сүргенді жақсы көремін.

Келін таңдауда Жанболат мырзаның ды ұлына қойған талабы бар көрінеді.

Жазира Байырбекова, әнші:

- Өнер жолында өзі жүрмеген соң, біздің әкесінің тәртібі бойынша, келіншегін де ол саладан таңдамайтын шығар деп ойлаймын. Бірақ енді өнер саласынан таңдаса, енесінің жанында жүреді ғой.