Қазақ шоу-бизнесіне тағы бір топ қосылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Биікті бағындыруға дайынбыз деген «кроссовер» бағытындағы квартет, өздерін «IL QUATRO» деп атаған. Класикалық әндер мен эстраданы тоғыстыра білген топтың тұсауын кесу ән өнерінің падишасы Мейрамбек Бесбаевқа бұйырды.

Өнердегі аға буынның ақ батасын алған IL QUATRO кеште екі бірдей бейнебаянның тұсауын кесіп, қалың көрермен назарына ұсынды.

Мейрамбек Бесбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

Ең бастысы, көзі ашық, музыка саласында таңдаған мамандықтарының кәсіби жоғары деңгейде екен. Осындай балалар керек бізге сахнамызға осы қазақтың сахнасына келдік деп, біздің эстрадамызға, қазақ өнеріне тағы бір топ келгеніне өте қуаныштымын.

Жаңа топтың дүниеге келгеніне продюсер Гүлнұр Мамасарипова да ерекше қуанды. Оның пікірінше, «тас лақтырсаң, әншіге тиеді» деген ұғым бүгінде негізсіз.

Гүлнұр Мамасарипова, продюсер:

«шындап келгенде бізде әнші де аз, топ та аз екен. Бір маусымдық музыкалық бағдарлама түсіруге тіпті он саусағыңды санап ала алмайсың.»

Ал кеш қонағы, композитор Арман Дүйсенов, ұжымның көбірек классикалық бағытта ән шырқағанын құп көреді.

Арман Дүйсенов, композитор:

жалпы біздің қазақ кез келген өнерді, егер оның шоқтығы биік болатын болса, қабылдауға, бағалауға және оны көп жылдар бойы сүйіп тыңдауға дайын. Себебі бізде оған сәйкес база бар.Ермек ағаларымыз, мәңгілік Бибігүл апаларымыз, Роза Бағланова мен Нұржамал Үсенбаеваларымыз бар.