Берлин кинофестивалінің қызықтары жалғасып жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

70-шы рет өз шымылдығын түрген халықаралық Берлин фестивалінің қызықтары жалғасып жатыр! Бұл жолы шараның қызыл кілемімен Эль Фаннинг, Сальма Хайек пен Хавьер Бардем жүріп өтті. Киногерлер «Таңдалмаған жолдар» атты картинаны таныстыруға келген-ді.

Ыстығы басылмаған, су жаңа картина Лео есімді музыкант жайында. Сюжет желісіне есте сақтау қабілеті айырылыған бас кейіпкердің ішкі толғанысы мен ешкімге ақтармаған сырлары негіз болған. Ал оның ғашығының образын Сальма Хайек сомдайды.

Сальма Хайек, актриса:

- Мен режиссер Саллимен 13 жаста болғанда бірге жұмыс істегем. Сондай-ақ Хавьермен бір картинаға түсу мен үшін үлкен құрмет.

Еске салсақ, аталмыш лента фестивальдің бас жүлдесінен дәмелі. Лента бүгіннің өзінде киносыншылардың оң бағасын иемденуде.

Берлин кинофестивалінде тұсауы кесілген картинаны көрермен көп ұзамай тамашлай алмақ. Лента 23- сәуірден бастап үлкен экрандарға жол тартпақ!