«Джентельмендер» фильміне Голливудтағы ең қымбат актерлардың түскені белгілі. Бір ғана Мэттью Макконахидың гонорары 400 мың доллардан асып жығылады. Ал отандық әртістердің қаламақылары қанша? Олар шынында да, қырып қаражат таба ма? Жақында ғана фильмін таспалаған Айқын Төлепберген бар шындықты айтып берді.
Айқын Төлепберген, әнші:
– Кино әртістерінің табысы кішкене аздау екен, менің бір байқағаным. Кино әртістер тамадалықтан болмаса, былай киноға түскеннен аздау ақша табады екен. Ал әншілер енді бір тойға барып миллион алып келеді, бір жарым миллион, екі миллион алып келеді. Ал әртістер қауымы бір кинодан миллион алады.
Айқынның пікіріне вайнер Мейірхан Шерниязов та қосылады екен. «Бір жылда екі, не үш жобаға ғана түсеміз» деген ол, өзінің тұрақты қойылған қаламақысының бар екенін айтты.
Мейірхан Шерниязов, актер:
– 15 мың доллар. Содан басталады да. Одан кейін ары қарап төмен түседі. Менің қоятын бір-ақ шартым бар тек қана. Менде ставка бір. Бір кішкентай сахнаға шақырдың ба или бүкіл главный рольге шақырдың ба без разницы. Потому что бізде сондай продюсерский решение дейді ғой. Бір моментке көзіңді деп «әй, бері кел» деген кадрды алады да, соны бітті трейлерде айдай береді. Поэтому айтам менде бір ставка.
Ал атышулы Айдарқұлов болса «кино нарықта қандай өзгеріс болса да, бір бағаны ұстап тұрмын» дейді.
Дәурен Айдарқұлов, актер:
– Кейбір кісілер гонорарларым Алматы қаласында осыншама дейді. Сыртқа шықса басқаша деп айтады. Менікі әзіргі уақытқа дейін жалпы бүкіл Қазақстан аумағында гонорарым сол бірқалыпты болып келе жатыр. Бір миллион.
Қайткен күнде де актерлар қауымына ешқандай кино продюсердің билігі жүрмейтінін анықтадық. Олар өз гонорарларын өздері бекітеді. Және кез келген жоба авторы өздері қалаған әртіске сұраған соммасының басын бұзбай төлуге міндетті.