Отандық шоу бизнесте де дизайнердік көрсетілімдерді қалт жібермейтін әртістер қауымы жетерлік! Мәселен, әпкелі-сіңлілі Жолдыбевалар әр фэшн кештің қадірлі қонағы. Тіпті, Кәмшаттың сәнге деген қызығушылығы оның бейнебаяндарынан байқалады.
Сылқым, әр клипіндегі образын фэшн кештерді бақылап жүріп, таңдайтын көрінеді.
Кәмшат Жолдыбаева, әнші:
-Маған бір киім ұнады. Кейін Леонидтің өзімен сөйлесемін, мүмкін сол образда сахнаға киіп шығатын шығармын. Бүгінгідей Азиаттық образ менде болған жоқ. Сондықтан да, кимономен сахнаға шыққан мен ойлаймын өте ерекше.
Кіші Жолдыбаева болса, бүгінде стилист ретінде бағын сынап жүрген жайы бар. Алтынай көбіне отандық дизайнерлердің туындыларын тұтынуды құп көреді.
Алтынай Жолдыбаева, әнші:
– Қазіргі таңда отандық дизайнерлер өздерінің өте әдемі коллекцияларын шығарып жатыр. Солардың ішінде ең сүйіктісі ол Жеребцов әрине. Аида Кәуменованың коллекциялары ұнайды.
Еліміздегі фэшн кештер жазушы Олжас Сүлейменовтың қызы Мадинасыз өтпейді десек, артық айтпаспыз. Бикештің гардеробы тек трендттегі киімдерден тұрады.
Мадина Сүлейменова, О. Сүйлеменовтың қызы:
– Мадина мен сізді осындай шараларда,, сән шараларында көп көремін. Бүгінгі образыңыз да ерекше. Айтып берсеңіз?
- Рахмет. Үстімде сүйкті брендім «Александр Ватье» үлгілері. Ал аяқ киімім мен сөмкем болса, «FENDI».
- Осындай Қазақстандық фэшн шоуға келіп, неліктен отандық дизайнерді таңдамамыдыңыз?
- Себебі менің сүйікті диайзнерлерім Жеребцов, Сәкен және Алекс Чжен бүгінгі көрсетілімге қатыспайды.
Жаңашылдыққа жаны құмар, ізденімпаз Баян Алагөзова да мүмкіндігінше сән көрсетлімдерді қалт жібермеуге тырысады. Тіпті, фэшн шаралардан шабыттанған продюсер «Аруназ» ательесімен бірігіп, киімдер топтамасын ұсынған еді.
Баян Алагөзова, продюсер:
-Әр адам өз ісімен айналысқан дұрыс. Алайда, болашақта егер өте талантты дизайнерді жолықтырып жатсам, тағыда каллобарация жасап қалуым әбден мүмкін.
Көрсетілімдерді қалт жібермейтін жұлдыздар көші мұнымен шектелмейді. Сәнді сылқымдар арасында Гүлназ Жоланова, Мәдина Сәдуақасова, Әсел Сағатовалар да бар.