«Ішпеймін де, шекпеймін де!» Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова желіде ерекше жазба қалдырды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Бойын жаман әдеттерден аулақ ұстайтыны үшін, көпшіліктің оған таңырқай қарайтынына жас дизайнер ашулы көрінеді. «Бұл менің таңдауым, ол үшін өзім жауап берем», - деген Айжанованың қызы, өзін «әулие» санамауын сұрайды.

Ерболат Беделханның жары - Асыл Айдар болса, өткен күндерін сағынып жүр. «Ерболат менің барлық жағынан да тәлімгерім бола білді», - деп жазған ол, бүгінде Беделханмен ойлары бір жерден шықпайтынына аздап қапалы. Тіпті, бикеш сүйікті жарымен бұрындары қалай тіл табыса алғанына таңданатынын жазған.

Салтанат Бақаева пен Нұржан қайта қосылды! Өмірлік жары емес, әріптесі Керменбаевпен бірге. Біраз уақыттық кідірістен соң «Арнаулықтар» өз тыңдарманын қайта қуантуға асық. Студияда бас қосқан өнерпаздар жақын арада жаңа бейнебаян таспалау ниетте екенін жеткізді. Ендеше, «Арнаулықтарға» сәттілік серік болсын дейміз.