Меруерт Түсіпбаеваның көзіне жас алдырған қандай сөз?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қу екенімді мойындаймын! Әли Оқапов ел естімеген, ерекше құпиясымен бөлісті. Тіпті, музыкантқа бұл қаситеті үшін, әріптестері ат қойып, айдар таққан көрінеді.

Әли Оқапов, әнші:

-Түлкі деп атайды, лис. Енді мені қу дейді көбісі. Бар шығар, бәлкім менің руыма байланысты шығар, мен найманмын ғой. Ренжудің ешбір қажеті жоқ сияқты. Өйткені ол дұрыс, рас емес. Қу адамның барлығы да біздің рудан деп айта алмаймын мен. Өйткені ол жай ғана стереотип.

Одан бөлек, әлі 30-ға келіп үлгермеген Оқаповқа өнердегі әріптестері «шал» деп ат қойған. «Қарттарға ұқсас мінезімнің де бары рас», - дейді Әлидің өзі.

Әли Оқапов, әнші:

- Жасыма байланысты шығар деп ойламаймын, өйткені мені атағандардың өздері менен үлкен. Сондықтан мен олардың қастарында шал емес баламын. Бірақ шал дейді. Өйткені мен сол шулайтын жерлерге, көп адам жиналатын жерлерге шықпаймын ешқашан. Түнде қаланы аралау деген мен туралы емес. Менікі үйде отыру. Шай ішу, әңгіме соғу»

Қуанышқызының кенжесіне де достары арасында түрлі есім қойылатын көрінеді. Алайда, Мәдидің лақап аттары, Әлидікімен салыстырғанда тым ерекше.

Мәди Рымбаев, әнші:

-Черный, кім тағы дворда окорачка деген. Өзім білем окорачка екенімді. Тағы қалдай, питон. Үйде моська, масонь болды.

Өзінің қайсар мінезімен ерекшеленетін Меруерт ханым болса, бала күндегі лақап атын мүлде есіне алғысы келмейді!

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

-Ой, ужасно мен айтсам вообще, мені үйде айтпай-ақ қояйыншы. Вы не поверите,мені көзімнен жас аққанша күлдім. Мені Қажымұрат дейтін. Күліп тұрмын ғой қазір мен, ол кезде мен өкіріп жылайтынмын. Мені солай мазақтайтын, білмеймін сол Ержан ағамнан сұрапу керек. Вот он придумал.

Кәмелеттік жасқа толғанша үйінің кішкентай «Қажымұраты» атанған әнші, әлі күнге дейін нәзік болмысынан есіміне ұқсас қасиет таппай әлек. Өнердегі әріптестері үшін қашанда «Мира» болған Түсіпбаева, орынсыз лақап аттардың қойылуына қарсы.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

-Ақбота мен Айгүл Иманбаева бір-бірін немене дейді, «Мәток» дейді ма,бірдеме дейді ғой. Ия, «Мәток» дейді, ол немене деген сөз білмедім соны.