Дариға Бадықова «екі әйел алуға рұқсат беру керек» деген журналист Сәуле Әбединоваға шүйлікті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Желіде желдей ескен «Қазақтар көп әйел алу керек» деген журналист Сәуле Әбединованың жазбасы жұрт арасында қызу талқыға түсіп, қоғам пікірін қақ жарып отыр. Пост келесідей:

-Қыз-келіншектер, шынымен ұлт болашағын, ұрпақ болашағын ойлайтындарың рас болса, дұрыстап ойлаңдар... біз қазақтарды көбейтпеу саясатын жүргізген «бір күйеуге - бір әйел» деген кеңестік идеологияның тізгініне жармасып айырылмай жүргенде, күйеуіміздің потенциалды потенциясын қызғанып жүргенімізде, күйеуіне бәйбішесі екінші әйел алып беретін біздің оригинал ата дәстүрімізді де жатжұрттықтар патенттеп алыпты...

Бұл жазбаны жұлдыздар қауымы да оқыған екен. Мәселен, Айқын Төлепберген «қазақ санын көбейту үшін, көп әйел алуды емес, бірінші әлеуметтік жағдайды көтеруді ойлау керек» деген байламға келіпті.

Айқын Төлепберген, әнші:

– Менің көзім шалды иә, байқадым. Енді әркімнің өз ойы бар ғой. Заң бойынша құптаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Әр адам өзі шешеді. Көбею мәселесі оған емес, әлеуметтік жағдайды кішкене көтеру керек шығар деп ойлаймын.

Жоғарыдағы жазба Дариға Бадықованың шамына тигенге ұқсайды. Актриса «Ол журналистің күйеуі болмағандықтан, оған айтуға оңай» деп отыр.

Дариға Бадықова, актриса:

– Өзінің күйеуі бар ма?! Қазір мен артық айтып қоюым мүмкін. Біреудің көңілі қалып қалуы мүмкін. Әркім өзінің басындағы жағдайға қарап сұрақ қойса, өте дұрыс болады.

Ал вайнер Мейірхан Шерниязов болса «көбейемін деген қазақтың, қолынан қағып жатқан ешкім жоқ қой» дейді.

Мейірхан Шерниязов, актер:

– Оған кім запрет беріп жатыр біріншіден? Ешкім үшінші әйел алуға, төртінші әйел алуға запрет қойып жатқан жоқ қой ешкім. Жағдайың келе ме, ал! Мүмкіншілігің келе ма, бар да ал!

Ал Дәурен Айдарқұлов «көп жағдайда бәйбіше ондайға рұқсат етпейді» дегенмен шектелді. Әйтпесе актердің тағы кеңеймек ойы бардай...

Дәурен Айдарқұлов, актер:

– Бұл сұрақты тек маған ғана қойып жатсыз ба? Егер бірінші келіншегіміз келісімін беріп жатса, екінші келіншегіміз алайын деп жатқан ол да келісіп жатса, үшіншісі, төртіншісі... Максимум бізде төртеу рұқсат етілген. Бәрі бір бірімен келісіп жатса, былайша айтқанда гормония болып жатса онда, неге болмасқа.

Кім не десе де, Қазақстанда екі әйел алуға негіз болар заң жоқ.