Жақында жаңа бейнебаян қалың көпшілікке жол тартпақ! Төреғали Төреәлімен «Алатау серілері» бірігіп таспалап жатқан клип арулар қауымына арналмақ екен. Елге ерекше болмыстарымен танылған топқа туынды жайлы ұстынысты ұлы дала баласының өзі тастапты.
Төреғали Төреәлі, әнші:
– Ардақты НТК арнасының тұрақты көрермендері, сіздермен бірге біз «Алатау серілері» жәнеде Төреғали Төреәлі. Бұл «Алатау серілері» деген біздің тамаша қазақтың өнерін қасиет тұтып жүрген жігіттер. Қолдарындағы аспаптарынан-ақ бұл кісілердің кімдер екенін білуге болады. Ешқашан шапандарын тастамаған, атқа қонған алаштың азаматтарымен бірге неге бір естелік есебінде бір бейне таспалап қоймасқа деген ойдан барып өзім ұсыныс жасадым.
Ұсынысты ұлы дала баласының өзі тастағанымен, қаражат жағын «Алатау серілерінің» өздері көтеріпті. «Қымбат декорация мен қалың топты жинау арзанға түспеді», - дейді олар.
Төреғали Төреғали, әнші:
– Ұсыныс менен түскенімен, бұл бейнебаянның демеушісі кім екені маған белгісіз. Сондықтанда бұл құпия да емес, жұмбақ та емес. Нағыз «Алатау серілері» десе, серілер екен. бұл жігіттер бүгін бір мәрттік танытып, жомарттық көрсетіп жатыр. Мен репостқа түсіп жатырмын))
Бұл бейнебаянның тағы бір ерекшелігі Америкалық «Miss Asia USA» байқауында шешінуден бас тартқан ару Жадыра Жұмағұлды арнайы Астанадан шақыртқан. Сылқымның дәл осы әрекеті клипке түсуге септігін тигізсе керек.
Жадыра Жұмағұл, «Мисс Қазақстан 2018»:
– Клипқа ұсыныс Төреғалидің өзінен түсті. Қазақ қызы болғаннан кейін, тәрбием жібермегеннен кейін бас тарттым. Өйткені ол жерде бір шарт болды. Іш киіммен фотосессия болуы керек болатын. Енді ондай шартқа келісе алмадым.