Квентин Тарантино бейнебаянымды таспалап берсін! Мот челлендж арқылы әйгілі режиссерға сәлемдеме жолдады!

Сообщить о проблеме с эфиром

ТМД елдеріне танылған ресейлік рэпер Мот, тыңдармандарынан көмек сұрады! Таяуда ғана «Тарантино» атты трегін ұсынған музыкант, сол әніне әйгілі режиссер Квентин Тарантино бейнебаян таспалап берсе екен дейді. Ол үшін өнерпаз тіпті, әлеуметтік желіде #ПустьКвентинУслышит хэштегімен ерек челлендж бастады.

«Black Star»-лық әншінің 5 млн-ға жуық фолловерлеріне арналған өтініші жерде қалмады. Мотқа қолдау көрсеткендер қатарында ресейлік шоу-бизнес өкілдері де жетерлік.

Ал Матвейдің бұл бастамасын отандық кей әншілер жақсы түсінеді. Мәселен, Әли Оқапов «бейнебаянымды Квентин Тарантино емес, Айсұлтан Сейітовке таспалап берсе екен», - дейді.

Әли Оқапов, әнші:

- Қазір жарған ол әрине Айсұлтан ғой. Айсұлтан Сейітовпен жұмыс істеп көрсек деген арманым бар. Әзірше бірақ өкінішке орай бюджет бойынша мен оны көтере алмайтын шығармын оның жұмысын және де талаптарын.

Travis Scott, 21 Savage, Offset және Joji сынды шетелдік рэперлердің клиптеріне жетекшілік етіп жүрген Айсұлтан бүгінде сұраныстағы режиссерлар қатарында. Сейітовпен ортақ жұмысты қолға алу Мәди Рымбаевтың да арманы екен. Роза Қуаншықызының кенжесі тіпті бұл мақсатын жүзеге асыру үшін, өз тарапынан қадам жасап көрген де екен.

Мәди Рымбаев, әнші:

- Айсұлтан! Біз негізі таныспыз, чуть чуть общались. Менің әнім шыққанда, он мне прокоментировал и так чуть чуть познокомились. Ұнаған шығар, өйткені приятно звучит деп, коментарий қалдырған.

Ал Дидар Кәден болса, Мот сынды жанкүйерлерінен өтініш білдіруді әбестік санайды. Өнерпаз өзгеден көмек сұрау ұят дейді.

Дидар Кәден, әнші:

- Іште бір нәрсе жібермейді да кейбір ағаларымызға барып, «аға бір осындай қаржы керек болып жатыр еді бейнебаянға ән шығаруға» деп ешқашан болмаған. Мүмкін сол үшін шығар менің бір хит әнім жоқтығы немесе есте қаларлықтай бейнебаян.