Жаңашылдыққа жаны құмар Нұртасұлы Number one атағынан айырылмас үшін тыңдарманын таңдандырудан жалықпайды. Елімізде бұрын-соңды болмаған 3D шоу концерт өзі туралы жеке фильм мен Рейсейлік әнші Нюшамен қазақ тілінде дуэт орындады. Қайраттың елді таңдандырудағы ұзын-сонар тізімі мұнымен тоқтамақ емес.
Қайрат Нұртас, әнші:
- Менің риза болғаным бір күнде мен Москвада болдым. Нюшаға сол әнді тыңдаттым. Бірінші күні «менде келемін» деп сөйлегендері бар ғой рекламада. Артынан Алматыға келіп, кәдімгі қазақшалап, сөйлеп, ұрып тұр. Маған өзіме ұнады. Қиналмаған сияқты...
Тұңғыш рет Нұр-Сұлтан қаласында өткен «МуЗТВ» арнасының арнайы «Гравитация» премиясында Қайрат Қазақстанның «үздік әншісі» атанды. Сондай-ақ, 10 жыл бойы үйленгенін жасырған Нұртасұлы алғаш рет жары Жұлдыз Абдукаримованың қатысуымен «Когда ангелы спят» картинасын ел назарына ұсынды.
Қайрат Нұртас – әнші
- Жұлдыз әлі сондай. Әлі сондай қарапайым, әлі сондай әдемі, әлі сондай тәтті. Рахмет саған, жаным-ааау! Осы күнді қанша күттің. Бізге де оңай болған жоқ ағайындар!
Айдарбековтердің тұңғышы мемлекет тарапынан да назарсыз қалмады.
2016 жылы ҚР Дарын жастар сыйлығының лауреаты және де «Құрмет» орденінің кавалері атанса, 2017 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі» алқасы медалімен марапатталды.
Жеке өмірінің өзін шоуға айналды білетін Қайрат Нұртас, төрт баласының қатысуымен де кеш өткізді. Концертте жұлдызды отбасының кішкентайлары өнер көрсетіп, елді сүйсіндіргені тағы бар.
Қайрат Нұртас, әнші:
- Жанұямды таныстырдым, отбасымды көрсеттім, 10 жыл жасырған әйелімді көрсеттім. Енді халықтың алдында бетім ашық. Құдайға шүкір енді күнде суретке түсіп, күнде мақтанамын.
Өнерпаз биыл алғаш рет туған күнін тоайлаудан баст тартқан! Себебі, Қайрат жарғақ құлағы жастыққа тиместен, кезекті концертіне дайындалып жатқан көрінеді. Хитменнің сөзінше, бұл кеш бұрынғыдан өзгерек болмақ.