Дуа Липадан тағы бір туынды! Британдық әнші өзінің тыңдармандарына арнап, «Physical» трегіне тағы бір бейнебаян таспалады. Еске салсақ, өнерпаз осыдан үш апта бұрын дәл осы әнге клип ұсынған еді.
Дуа Липаның бұл әні жуырда жарықа көретін «Future Nostalgia» атты альбомына енбек. Әнші қыз аталмыш жинағын жазуға Гвен Стефани мен Мадоннадан шабыт алған екен.
Селена Гомес те өнердегі әріптестерінен құр қалмақ емес. Әнші «Rare» трегін жанды дауыста орындап, арнайы видео түсірді. Бірнеше сағаттың өзінде 1 млн-нан астам қаралым жинаған туындыны Селена, «The Village» студиясында таспалаған.
Селена сондай-ақ, су жаңа «Feel Me» трегін де жарыққа шығарды. Әнші аталмыш композициясын алғаш 2016 жылы «Revival» атты әлемдік турнесінде орындаған еді.
Америкалық орындаушы Виктория Монэ болса, өміріндегі сүйіктісімен өткізген кей сәттерін «Moment» бейнебаянына сығызуға тырысқан. Сылқым бұл туындыны өзінің дебьюттық альбомының құрметіне арнайды.
Еске салсақ, Виктория көпшілікке Ариане Гранденің жақын құрбысы және хит тректерінің авторы ретінде танымал. Монэнің шығармышылққа бет бұруына Гранденің өзі әсер еткен екен.