Түрік елі Нұрлан Қоянбаевқа «фильм таспалап бер» деп қолқа салып жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бизнес по-турецки»! Нұрлан Қоянбаев өз идеяларын шетелге сатпақ! Танымал продюссер енді Түркия еліне фильм түсіріп бермек ниетте. Киногерге мұндай ұсыныс аталмыш мемлеткеттен түскен екен.

Нұрлан Қоянбаев, продюсер:

- Жалпы «Бизнес по-казахски» киносы Түркия еліне ұнап, «Бизнес по-турецки» түсірейін деп жатырмыз Түркияға. Бізде енді көбінесе біз аламыз ғой шет елден идеяларды. Осы жолы шет елдіктер бізден алып жатыр. Сол өте қуантып жатыр.

Енді, түркітердің салт-дәстүрін жақсылап зертеуім керек дейді продюсер. Ал Қоянбаевтың болашақ картинасында Бурак Озчивит, Демет Өздемирдің өзін көріп қалсаңыз еш таңқалмаңыз.

Нұрлан Қоянбаев, продюсер:

- Біз өзіміз түсіріп береміз. Түркияның актерлары ойнайды және Түркия елінде көрсетіледі. Өзіміз сомдамаймыз. Мен өзім продюсер ретінде ғана боламын. Ол тағы да бір жақсы жаңалық бар. «My love is Aisulu» Ресей мен Түркияға ұнады. Онымен де келіс сөз жүріп жатыр.

Кассалық табысымен рекорд орнатып, миллардер атаған продюсер осылайша әр туындысынан екі есе пайда көріп отыр. Нұрланның мүмкіндік туса, шетелдік жобаларын отандық көрермендерге де көрсетпек.

Нұрлан Қоянбаев, продюсер:

- Прокатты Қазақстанда да жасауға болады. Өйткені, біздің көрермендерге қызық болатын сияқты. Біздің киноны «Түркияның актерлары қалай ойнайды екен» деген сияқты, ол да бір көрерменге қызық болатын сияқты. Ол енді бәрі ой ғой, жоспар.

Оден бөлек, Қоянбаев отандық киномандарды дәстүрге айналған «Бизнес по-казахски» фильмінің жаңа бөлімімен де қуантпақ. Продюссер келер айда аталмыш комедияның бесіншісін қолға алмақ.

Нұрлан Қоянбаев, продюсер:

- Менің ойымша, сол бесінші бөлім мықты болатын сияқты, бұйырса. Қазір өте қатты дайындалып жатырмыз. Көрермен жалпы бөлініп кетті. «Бизнес по-казахски в Америке» ұнайды, біреуіне в Корее ұнайды. Сондықтан да, менде бір ой қалыптасты. Бәріне бірдей ұнайтындай бөлім түсіру керек деген ой бар.

Ал «Бизнес по-казахски» фильмінің кезекті бөлімі Түркия, Ресей немесе Еуропа елдерінің бірінде түсіріледі деп жоспарланған.