Лос-Анджелесте Image Awards марапаты табысталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Лос-Анджелесте Image Awards марапаты табысталды! Аталмыш жүлде қара нәсілділерді қолдау қоғамының ұйымдастыруымен жарты ғасырдан бері өткізіліп келеді. Мақсаты – кино, телевизия, театр, музыка мен әдебиетте жетістікке жеткен жандарды марапаттау.

Image Awards-тың триумфаторы әдеттегідей - Джей Зидің жанұясы. Биыл Бейонсе «Homecoming» жинағымен «үздік альбом» және «Арыстан патша» саудтрегімен «үздік ән» жүлдесін иемденді. Ал оның тұңғышы Блу Айви анасымен бірге орындаған «Brown Skin Girl» трегінің арқасында «үздік дуэт» иесі атанды.

Бодипозитив әнші ретінде танылған Лиззо болса, бұл кештен «жыл әртісі» марапатын қолтықтап қайтты.

Лиззо, әнші:

– Бұл кеш өмірімдегі елеулі шараның бірі. Ұйымдастырушыларға рахмет! Күллі әлемге, жанкүйерлерге алғысым мол!

Айтулы шараға асқан ыждаһаттылықпен әзірленіп келген Рианна да құр алақан қалмады. Өнер иесіне қайырымды істері мен мәдениет саласына қосқан үлесі үшін «President's Award» мүсіншесі табысталды.

Рианна, әнші, дизайнер:

- Бұл менің ғана жеңімсім емес! Бұл мараптақа барлығымыз бірігіп қол жеткіздік. 2012 жылы Клара Лайонель қоғамын құрғаным үшін қуанамын. Әлемді тек бірігіп қана өзгерте аламыз. Бәріне рахмет!

Сондай-ақ бұл кеште әнші Бруно Марс, рэпер Lil Nas X, 50 Cent-тің есімі аталған еді.