«Moschino» кезекті коллекциясын халыққа ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тәтті торт пен жемісті бәліш! Тіпті, нан пішіміндегі сөмкелер! Милан сән апталығының соңғы нүктесін қойған «Moschino» талқыға түсіп жатыр! Мұндай ерек үлгілер қай жұлдыздың үстінен бірінші болып табылары белгісіз. Десе де, су жаңа коллекцияның көпті таңқалдырғаны сөзсіз!

Сән арқылы өткенді жаңғыртуды жаны сүйетін Джереми Скотт бұл жолы, сонау XVIII ғасырға саяхаттауды жөн көріпті. Нақтырақ айтсақ, шебер Мария-Антуанеттадан шалқар шабыт алса керек. Бүгінгінің сұлулары да Франция патшайымындай киінуі тиіс дейді дизайнер.

Ал үлгілердің торт пішімдес болуы бекер емес! Кезінде өз халқының күйінен бейхабар Мария-Антуанеттаның «адамдардың жеуге наны болмаса, онда бәліш жесін» деген сөзі кедейлік пен байлық айырмашылығының символына айналаған еді. Осылайша, «Moschino» су жаңа коллекциясы арқылы, әйгілі тіркесті ел есіне қайта түсіргісі келгендей.

Жиылған жұрттың жағасын ұстатқан топтаманы жұлдызды сәнбикелдердің өзі таныстырды! Бұл күні подиумнан Ирина Шейк, Кайя Гербер мен әпкелі-сіңлілі Хадидтердің өзі табылды.