Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келген Берлин фестивалі 70-шы рет өз есігін айқара ашты. Әлемнің кіл мықты киногерлерін жинаған сайыста биыл 340 картина көрсетілмек. Оның 18-сі бас жүлде «Алтын аю» және «Күміс аю» сыйлығына таласқа түседі.
Кинофестивальге туындысын арқалай келгендер қатарында – Джонни Депп те бар! Актер төбе көрсеткен картина бас жүлдеге таласпаса да, фильмнің премьерасына жиналған жұрт көп болды. Барлығы да голливуд жұлдызын жақыннан көруге асық.
Минимата» лентасында Джонни Деппке америкалық фотограф Уильям Юджин Смиттің образы бұйырған. Шынайы оқиғаға негізделген туындыда экологияның бұзуылуы салдарынан жапа шеккен жапондықтардың оқиғасы баяндалады.
Джонни Депп, актер:
- Мен негізгі кейіпкердің биографиясын көп оқыдым. Қандай оқиғаларды басынан кешіргенін, кей сәттерді таспалау үшін қандай жанкештілікке барғандығы туралы. Ол ерекше адам. Өз ісіне адал жан.
Экологиялық мәселені көтерген бұл картинаны көрермен қалай қабылдары, уақыт еншісінде. Ал Берлин халқаралық кинофестивалі наурыз айына дейін жалғаспақ!