Жарқынай сынды, экс-Кешьюлік Балжан Бидаш та жақын арада хенпати өткізуге ниетті! Еске салсақ, өткен жылдың соңында бикешке сүйіктісі халық алдында үйленуге ұсыныс жасаған еді.
Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91
-Сүйіктіңе «иә» деп жауап бердің. Бірақ екі-айдың жүзі болды. Ешқандай хенпати, тойдың әңгімелері естілмей жатыр. Қашан? Дайындық болып жатыр ма?
Балжан Бидаш, әнші:
-Ең бастысы жүзік салынды, ешқайда қашпаймыз, қанша уақыт болса да. Барлық жақсылық алда. Қазір, кішкене демалыс үстіндеміз, оның үстіне қыс мезгілі деген сияқты. Күннің жылығанын күтіп жүрміз.
Кез келген қалыңдық секілді Балжан да неке көйлегінің қандай боларына бас қатырып жүрген жайы бар. «Шетелден қымбатқа алғанша, отандық өнімді қолдаған абзал»,- дейді ол.
Балжан Бидаш, әнші:
- Жалпы дайындық бар, идеялар алып деген сияқты. +02-38 Ия, ұзату көйлегімді дайындап жатырмын. Ән жағын дайындамадым енді. 02-53 Отандық дизайнер болады»
Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91
- Жігітіңнің өнерге бір табан жақын екенін білдік, шоу бизнесте болмаса да, осы қазанның шет жағасында. Толыққанды айтсаң, ол кім? Сені несімен баурап алды?
Балжан Бидаш, әнші:
-Ең бастысы мені қолдайды. Менің армандарымның жүзеге асуына бұйырса көмектесіп, қолдауын білдіреді.
- Бізде оңтүстік жақта қалыңмал бар, сен де қызылорданың қызысың. Қалыңмал саған беріледі ме? Жалпы қанша беріледі хабарың бар ма?
-Хабарым бар негізінде. Бірақ оны ата-аналарымыз шешеді оны. Біз араласпаймыз оған. Олар да қалыңмал беруге дайын. Ол талқыланатын нәрсе емес, сондықтан сол дәстүрімізді ұстап кете береміз.
-Экс-кешьюліктердің барлығы өздерін кино әлемінде сынады. Назым да жақында фильмге түседі екен. Ал сен?
-Бұйырса, көре жатуларының мүмкін. Негізі мен киноға түссем түсетін едім. Бірақ өзімнің қатты талпынысым жоқ. Актриса болу арманым болса мен оны орындар едім. Қаншама мүмкіндіктер болды деген сияқты.
Өзін үлкен сахнадан тек әнші ретінде көретін Бидашка, осылайша екі кеменің басын ұстауға құлықсыз. «Десе де, тойдан соң болашақ жарым Үсен продюсерім атанып, шығармашылығымда түрлі өзгерістер болуы мүмкін», - дейді Балжан.
Балжан Бидаш, әнші:
- Көреміз енді. Бірлесіп істейміз деген сияқты ғой, ең бастысы оның мені қолдағаны керек қой маған қатты қызғана бермей.
- Гастрольдерге жіберіп па?
- Ия. Жіберіп...
Олай болса, Балжаннан тек жағымды жаңалықтар күтеміз.