«Голос дети» шоуында қызына жеңісті сатып алып берген Алсудың қылығы көпшілікті таңқалдырғаны анық! Тіпті бұл жағдайға қатысты отандық өнер өкілдері де өз пікірін білдірді.
Мәселен, Айқын Төлпеберген ресейлік әріптесінің мұндай әрекетін қатаң сынға алып отыр.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Енді кішкене баласын сондай бір деңгейдегі конкурсқа қатысқаннан кейін, енді ақшамен шешілетін деп ойлап қалған ғой. Бірақ «справедливость восторжествовала» дейді ғой. Деңгейі көрінді. Ол сол ақшані негізі өзінің қызының дайындығына көбірек жұмсау керек сияқты.
Меруерт Түсіпбаева да өнердегі мұндай «бармақ басты, көз қысты» әрекетке қарсы! Алсудың бұл ісін тұңғышының тағдырына балта шабумен тең санайды.
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
- Мен ойлаймын Алсудікі қате. Бірінші, ол бала үйреніп кетеді бала, зачем. Ол бала жаман үйренеді оған білдініңз бе. Одан кейін бар ғой артынан мен сүйтіп едім деу вообще қате. Мен ойлаймын Алсудікі кәдімгі екіжүзділік.
Меруерт кезінде өзінің басынан дәл осындай оқиға өткенін де ашып айтты. Алайда, баласына бола, өзгенің алдына барып өтініш білдіргені үшін эстарда жұлдызы әлі күнге дейін ұялып жүрген көрінеді.
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
- Адамның алдына барып, балам бір тестті тапсыра алмай қалғанда қазақ тілінен. Бірақ мен жаман намыстандым балам үшін барып сұрағаным үшін қатты намыстандым бірақ ол кезде бала кішкентай еді.
Алайда, Алсудың қылығын құп көретіндер де табылды. Мысалы, режиссер Жеңісхан Момышев бауыр еті баласы үшін, кез-келген құрбандыққа баруға әзір екенін айтады.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
- Енді егер де менің қызым өзі қатысып, енді кішкене баламның таланты жетпей жатса әке ретінде мен көмектесем. Неге өйткені ол сенің ішіңнен шыққан бала, туған балаң. Сондықтан қалай да болмаса көмектесуге тырысасың.
Десе де, Жеңісхан «баланың таланты болмаса, өнер әлеміне жетелеудің қажеті жоқ» - дейді.