Оксана Самойлова мен Джиган төртінші рет ата-ана атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Оксана Самойлова мен Джиган төртінші рет ата-ана атанды! 31 жастағы сәнбике хип-хоп орындаушыға үш қыздан кейін, көптен күткен шекесі торсықтай ұл сыйлады. Бұл қуанышты жаңалықпен әншінің өзі инстаграм парақшасында бөлісті. Баласына «Дэвид» деп есім берген Джиган, ұлының кіндігін өзі кескен. Жеті жылдан бері бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан екеудің арманы ұлды болу еді. Бұл жайлы тіпті Оксананың өзі бір сұқбатында айтып қалған екен.

Эмбер Херд жұртқа жаңа ғашығын көрсетіп, елді елең еткізді! Басы даудан арылмаған актриса, кинооператор Бьянка Бутимен махаббат хикаясын бастап кеткен. Әйел адамға сезімін білдірген Эмбердың қылығын жанкүйерлері түсінбей дал. Бірі оның жүйкесі жұқарған десе, енді бірі еркін қарым-қатынасты құптауда. Қос ғашық Калифорния штатында дәмханадан шығып сүйісіп тұрған жерлерінде камера объективтеріне ілігіп қалған.

«Hello» хитінің орындаушысы Адель адам танымастай болып арықтағаннан кейін, ел көзіне түсуден қашатын болған. Тіпті әнші өткен жылдан бері инстаграм парақшасына сурет те жүктемеген. Сондықтанда оны күні-түні торуылдайтын папарацци көбейген. Адель күні кеше жақын құрбысы Лора Докрилдың тойына бара жатқан жерінен жапа-тармағай суретке түсірген тілшілердің тартысына түсіп қалады. Ол бірден айғайға басып, тоқтатуларын талап еткен. Бірақ оны тыңдаған жан баласы болмаған.