Сақ патшайымы енді Түрік елінде! Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи драмасы Түркияның үлкен экрандарына жол тартпақ. Бұл жайында режиссердің өзі мәлімдеді. Тарихи туындыны шетелдік көрермен 10-шы сәуірден бастап тамашалай алады.
Айдана Меденова болса, Корей елінде жүр. Бұл жайында әншінің жары әрі продюсері Әлішер Нұржанов инстаграм парақшасында жазды.
Көпшілік әншіні ота жасату үшін Сеулге аттанды деп топшылауда. Алайда Меденова құлаққа арналған арнайы монитор жасату үшін шетел асуға бел буған. «Жанды дауыста ән салу үшін қалта жұқартуға да бармыз», - деп ағынан жарылған әншінің жары еліміздегі аппараттардың сапасы сын көтермейтінін тілге тиек еткен.
Ал көпшілікке «Ұлы дала комедиясы» арқылы танылған актер Дәулет Бижанов келін іздеп жүр. Шығармашылыққа шындап кіріскен ол, қыздармен қыдырудан қалдым дейді. Тіпті қазірдің өзінде премьераларға сүйгенін емес, досы Нұржан Керменбаевты ертуге мәжбүр.
Дәулет Бижанов, актер:
-Үйленуді осы жылдан қалдырғым келмейді, өйткені мамама уәде бергем. Орындамасаң таяқ жемейсің ғой енді, бірақ көңілі қалады.
Бижановтың үйленуге бексінсе де, қыз-қырқын оның тығыз кестесіне қарап, серіден ат тондарын ала қашатын көрінеді.